Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Саған деген көңілім
Тым өзгеше Отаным, Саған деген көңілім. Ата заңым айбыным, Ұзақ болсын өмірің!
©  Конституция күні
Таусылмасын бақытың
Отаным Қазақстаным, Таусылмасын бақытың. Ата заңның күнінде, Қызықты өтсін уақытың.
©  Конституция күні
Өзің барда Отаным
Қуанамын, шаттанып, Өзің барда Отаным! Конституция күніңде, Таусыдмасын жыр, әнің.
©  Конституция күні
Жарқырай бер, жайнай бер
Отаным менің жүрегім, Жарқырай бер, жайнай бер. Ата заңым, жыл сайын, Мерекеңді тойлай бер!
©  Конституция күні
Бақыттымын өзіңмен
Елім менің киелі, Бақыттымын өзіңмен. Құттықтаймын қазағым, Конституция күнімен.
©  Конституция күні
Тәуелсіздік жыр, әнім
Құтты болсын мерекең, Ата заңым шырағым. Жасай берсін мәңгілік, Тәуелсіздік жыр, әнім.
©  Конституция күні
Мен елімді сүйемін
Мен елімді сүйемін, Азаттығым айбыным. Конституция күнінде, Жарқырасын ай, күнің.
©  Конституция күні
Отызыншы тамыз бұл
Отызыншы тамыз бұл, Ата заңның күнімен. Құттықтаймын сіздерді, Әнім менен жырыммен.
©  Конституция күні
Көңіліміз жайлансын!
Жаратқаным жар болып, Көңіліміз жайлансын! Конституция күні бұл, Қуанышта тойлансын!
©  Конституция күні
Құттықтаймын сіздерді
Конституция күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Тыныш болсын еліміз, Бақытты етер біздерді.
©  Конституция күні
Жаратқаным жар болсын!
Тұғырлы боп еліміз, Шуақты атар таң болсын! Ата заңым жасай бер, Жаратқаным жар болсын!
©  Конституция күні
Тыныш болып еліміз
Тыныш болып еліміз, Бар жақсылық орнасын! Конституция күнінде, Бақыт тапсын жалғасын!
©  Конституция күні
Конституция күнімен
Құттықтаймын сіздерді, Конституция күнімен. Жаны жайсаң Қазағым, Бақ көрінсін жүзіңнен.
©  Конституция күні
Адал жандар көп болсын
Ата заңым айдыным, Жанға серпін беретін. Адал жандар көп болсын, Заңға құлақ түретін.
©  Конституция күні
Арайлы таң нұр шашып
Конституция күнінде, Жадырасын жанымыз. Арайлы таң нұр шашып, Кіре берсін сәніміз.
©  Конституция күні
Ата заң бұл киелі
Қорғалатын құқығым, Ата заң бұл киелі. Ата заңның алдында, Бар адам бас иеді.
©  Конституция күні
Ата заңның күнінде
Ата заңның күнінде, Ән айтайық достарым. Тыныш болып еліміз, Ашық болсын аспаным!
©  Конституция күні
Ата заңым
Ата заңым айбыным, Бағыт берер ай, күнім. Желбіресін көгімде, Байрағымыз, байлығым!
©  Конституция күні
Астанадай қалам бар
Астанасы елімнің, Жаса, алға, Астанам! Құлпыратын күн сайын, Астанаммен мақтанам!
©  Астана күні
Астанам сен, жас қалам!
Астанам сен, жас қалам, Қуанышқа бастаған. Бүгін туған күніңмен, Құттықтаймын Астанам!
©  Астана күні
Бүгін туған күніңде
Бүгін туған күніңде, Жандана түс, Астанам. Бәйтерегім биіксің, Қуанышқа бастаған.
©  Астана күні
Сен деп ән де айтамыз
Сен деп ән де айтамыз, Астанам бас қалам. Құтты болсын мерекең, Жасай берші жас қалам!
©  Астана күні
Сен деп жүрек соғады
Арман қалам, бас қалам, Сен деп жүрек соғады. Құтты болсын мерекең, Біздерге ең бағалы.
©  Астана күні
Алға, алға Астанам!
Бүгін туған күніңде, Жарқырай түс Астанам! Танылғын бар әлемге, Алға, алға Астанам!
©  Астана күні
Бар әлемнің шаттығын
Астананың күні бұл, Шаттық, бақыт сыйласын. Бар әлемнің шаттығын, Елімізге жинасын
©  Астана күні