Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Білім күні келіп тұр
Білім күні келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр. Оқушы мен ұстазға, Бар жақсысын теріп тұр.
© Білім күні
Білім күні құтты болсын
Бірінші бүгін қыркүйек, Құтты болсын баршаға. Білім күні оу достар, Би билейік, ән сала.
© Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күнін өткеріп, Біз мектепке барамыз. Сабақ оқып бестікке, Шамнан шырақ жағамыз.
© Білім күні
1 қыркүйек
Бірінші бұл қыркүйек, Білім күні жарандар. Құтты болсын бүгінгі, Басқан әрбір қадамдар.
© Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күні гүл алып, Біз мектепке барамыз. Ұстазмен қауышып, Әсем әнге саламыз.
© Білім күні
Білім күні бүгінгі
Білім күні бүгінгі, Қуанышын әкелсін. Бар оқушы мектепте, Білімді боп тербелсін.
© Білім күні
Білім күні
Білім күні бүгінгі, Құтты болсын достарым. Білімді боп баршаңыз, Ашық болсын аспаның.
© Білім күні
Абай күні атаулы
Абай күні атаулы, Құтты болсын бүгінгі. Ұсыншы жүрек үнімен, Қазағым ән-жырыңды...
© Абай күні
Ұлы Абай күнімен
Құттықтаймын баршаны, Ұлы Абай күнімен. Тойлайықшы құттықтап, Абайды туған күнімен.
© Абай күні
Абай ақын атамыз
Абай ақын атамыз, Өлеңнің қайнар бұлағы. Ұлы Абай күнінде, Шырқалар оның жыр-әні.
© Абай күні
Орындалсын бар арман
Орындалсын бар арман, Ұлы Абай күнінде. Туылсын ұл сәбилер, Шаттық болып үнінде.
© Абай күні
Хакім Абай, ақын Абай
Хакім Абай, ақын Абай, Қазақтың ұлы данасы. Абайдың күнін бүгінгі, Тойлайды қазақ баласы.
© Абай күні
Бүгін шаттық, мереке
Бүгін шаттық мереке, Ұлы Абай күнімен. Туған күні Абайдың, Ұласқан Абай күнімен.
© Абай күні
Құттықтаймын бүгінгі Абай күнімен
Құттықтаймын бүгінгі Абай күнімен, Таң қалдырған өлеңімен, жырымен. Ұлы Абай данасы әр қазақтың, Дараланған әдебі тіл құнымен.
© Абай күні
Көңіліміз бай болсын
Ұлы дана Абайдай, Көңіліміз бай болсын. Абайдың туған күнінде, Бар жақсылық сай болсын. Егіз тауып қойларың, Жегеніңіз май болсын. Абай күні бақыт..
© Абай күні
Қиындықтар болмасын
Ұлы Абай күнінде, Қиындықтар болмасын. Жаратқаным жар болып, Бар жақсылық орнасын.
© Абай күні
Абайы бар қазақтың
Оныншы тамыз туылған, Абайы бар қазақтың. Бүгінгі Абай күнінде, Жалғай берсін ғажап күн.
© Абай күні
Абайдай ұл туса игі
Бүгінгі Абай күнінде, Абайдай ұл туса игі. Өлеңдетіп, жырлатып, Жақсыға көңіл бұрса игі.
© Абай күні
Бар жақсылық орнасын
Бар жақсылық орнасын, Бүгінгі Абай күнінде. Ұлы ақын Абайдай, Сәби келсін өмірге.
© Абай күні
Абай күні бүгінгі
Абай күні бүгінгі, Құтты болсын қазағым. Абай күні, туған күн, Таусылмасын базарың.
© Абай күні
Абай деген атамыз
Өлең жырын қалдырған,Абай деген атамыз. Бүгінгі Абай күнінде, Шаттықта үн қатамыз.
© Абай күні
Абайдың туған күнімен
Абай күні бүгінгі, Ұласқан туған күнімен. Құтты болсын баршаға, Еске алатын жырымен.
© Абай күні
Абай аты ерекше
Абай бар да қазақ бар, Қазақ дейтін ғажап бар. Бүгінгі Абай күнінде,Өлеңдетер қазақтар.
© Абай күні
Бүгінгі күн тамаша
Бүгінгі күн тамаша, Билейтұғын жараса. Абай күні бүгінгі, Өлеңдетер таласа.
© Абай күні
Абай күні, туған күн
Абай күні, туған күн, Оныншы тамыз бүгінгі. Құтты болсын мереке, Өсіретін құныңды.
© Абай күні