Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Қылығы оның ерекше
Қылығы оның ерекше, Тербетіп ол айтқанда ән. Бағланова Роза апа, Қазағыма берген сән.
© Жібек Ысқақова
Қызғалдақ қыз
Қызғалдаққа теңеген, Роза апаны шетелде. Гүлдей болған апаны, Айтпаған ғой бекерге.
© Жібек Ысқақова
Қаһарманы халықтың
Қаһарманы халықтың, Жүрегімен ән салған. Ұлттық киім киінген, Қызға әлем тамсанған.
© Жібек Ысқақова
Жүрегімен ән салған
Есімізде Роза апам, Әнімен елді тербеген. Соғысқа да қатысып, Көңілдерге дем берген.
© Жібек Ысқақова
Бағланова Роза апам
Ерекше оның даусы бар, Бағланова Роза апам. Әнмен тербеп әлемді, Таң қалдырған Роза апам.
© Жібек Ысқақова
Ғылымның ол патшасы
Ғылымның ол патшасы, Көзін ашқан қазақтың. Байтұрсынов Ахмет ол, Туғыздырған ғажап күн.
© Жібек Ысқақова
Қайраткері қоғамның
Байтұрсынов Ахмет ол, Қайраткері қоғамның. Атыңызды құрметтеп, Еске алатын боламын.
© Жібек Ысқақова
Байтұрсынов нар тұлға
Қазақ тілін көркейткен, Байтұрсынов нар тұлға. Ахмет атың өлмейді, Қазақ деген ел барда.
© Жібек Ысқақова
Тіліміз бар әдебиет
Ахмет ата арқасы, Тіліміз бар, әдебиет. Еңбегі оның зор білем, Жайнап жатса мәдениет.
© Жібек Ысқақова
Еңбегі оның елеулі
Еңбегі оның елеулі, Бізге мұра боп жеткен. Ол Ахмет атамыз, Әдебиетті тербеткен.
© Жібек Ысқақова
Өлмейді аты, өшпейді
Өлмейді аты, өшпейді, Жүз елу жыл болса да. Байтұрсынов Ахмет ол, Мұңаймаған тоңса да.
© Жібек Ысқақова
150 жыл болыпты
Туғанына Ахметтің, Жүз елу жыл болыпты. Қазақ тілі бұл күнде, Бүтінделіп толыпты.
© Жібек Ысқақова
Қазақтыққа жол салған
Қазақтыққа жол салған, Ұстаздық қып еліне. Ол Ахмет атамыз, Қызмет еткен еліме.
© Жібек Ысқақова
Ол Ахмет атамыз
Білімге жол ашқан жан, Ол Ахмет атамыз. Атамызды еске алып, Жүрекпен үн қатамыз.
© Жібек Ысқақова
«Балдырғанның» досы
«Балдырғанға» құмар бала,Деп ойлама Қосай ғана.Құмар əрбiр шығармаға,«Балдырғанмен» дос Айдана.Əрбiр күнiАғасына,Ерте тұрып ертеңгiсiн,Оқытқызып..
© Нұрлан Қалқа
Менiң iнiм - қайрат
Менiң iнiм – Қайрат,Өзi сондай əйбат.Шыр айналып билер,– Əй-əй! – десең жайлап.Менiң iнiм – Қайрат,Қойсаң өзiн қайрап,Тоқтамас-ау сол..
© Нұрлан Қалқа
Әйбәт «пойыз»
Трамвайға мiнгенде,Жылдамдата жүргенде,– Мынау əйбəт «пойыз!» – деп,Қуандым қызым күлгенге.
© Нұрлан Қалқа
Ар-үнім
Ұланы бол еліңнің,Өскен кезде жарығым.Ақта Отан сенімін,Сенсің менің ар-үнім.
© Нұрлан Қалқа
Балмұздақ
Үйімде жалғыз қап,Жеп алдым балмұздақ.Тамағым ауырды,Тұрғаным сəл мұздап.Сүттей балмұздақ,Бейне қар-мұздақ.Тағы жер едiм,Тiсiм тұр сыздап.
© Нұрлан Қалқа
Мектеп
Кездерiмде есiрген,Бар қатемдi кешiрген.Алғыс айтам мектепке,Бiлiм берiп өсiрген.
© Нұрлан Қалқа
Отанымның жүрегі
Астанам – бағым, баспанам,Қарыштап алға, бас қалам.Отанымның жүрегі,Елорда менің – Астанам.
© Нұрлан Қалқа
Тәуелсiздiк
Тоқтар ұшты ғарышқа,Талғат жеттi табысқа.Бекзат алтын əкелдi,Күллi əлемдiк жарыста.Əнұраны, бар Туы,Елдiң даңқы артуы,Мұның бəрi, балақай..
© Нұрлан Қалқа
Ескерткіш
Ескерткiшті көрдің бе,Көңіліңді бөлдің бе?!Қатар тұрған – Үш Би ғой,Мақтанышы елдің де.Кенесары – батырым,Абай ата – ақыным.Ағалардай ел үшін,Қызмет..
© Нұрлан Қалқа
Елорда
Елордам менiң – Астана,Осында жаңа бастама.Сəулеттi зəулiм үйлер көп,Көрiктi сондай жас қала.
© Нұрлан Қалқа
Қазақстан
Қазақстан,Ғажапстан.Туған елiм,Азатстан.Қазақстан,Ғажапстан.Келiп жатыр,Қазақ тыстан.Қазақстан,Ғажапстан.Тəуелсiз ел,Азатстан.
© Нұрлан Қалқа