meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Мақтанамыз Мұхтармен
Мақтанамыз Мұхтармен, Қайраткер ол, жазушы. Филология докторы, Білімді Абай танушы.
©  Жібек Ысқақова
Еңбегі бар орасан
Әуез Мұхтар атаның, Еңбегі бар орасан. Абай жолын оқып ал, Жүрегіңмен қаласаң.
©  Жібек Ысқақова
Болайық Мұхтар атадай
Бойында бар дарыны, Болайық Мұхтар атадай. Жүректе бар жалыны, Сеніммен үн қатардай. Еңбегі оның орасан, Жүргені көп аталмай. Абай жолын жазған ол..
©  Жібек Ысқақова
Мақтанышы қазақтың
Қазақ үшін жаралған, Мақтанышы қазақтың. Мұхтар ата Әуезов, Бастаушысы ғажаптың.
©  Жібек Ысқақова
Жазған Абай жолын ол
Жазған Абай жолын ол, Қазағымның ғалымы. Сеиейдің ол тумасы, Бойында бар дарыны.
©  Жібек Ысқақова
Жазушысы қазақтың
Мұхтар Әуез атамыз, Жазушысы қазақтың. Арқасында ғалымның, Атып отыр ғажап күн
©  Жібек Ысқақова
Қайраткері қоғамның
Қайраткері қоғамның, Бойында оның дарын бар. Қазақ үшін ерлеген, Жүрегінде жалын бар. Әуез Мұхтар атамыз, Елі үшін жалындар. Еңбектері көп оның..
©  Жібек Ысқақова
Қазақ деп соққан жүрегі
Қазыбек би атамыз ол, Қазақ деп соққан жүрегі. Қазағым үшін айтылар, Даты мен және тілегі
©  Жібек Ысқақова
Қазыбек бидей боламыз
Шешендікпен үн қатқан, Қазыбек бидей боламыз. Ақындықпен жырлатқан, Әділдікпен боп аңыз.
©  Жібек Ысқақова
Үш жарым ғасыр болыпты
Қазыбек би атамызға, Үш жарым ғасыр болыпты. Қазақтың қайсар биі үшін, Әр жүрек жырға толыпты.
©  Жібек Ысқақова
Бізге оның аты аңыз
Орта жүздің биі ол, Қазыбек би атамыз. Шешендікпен үндеген, Атамыздың аты аңыз.
©  Жібек Ысқақова
Руы арғын атамыз
Орта жүзден тараған, Руы арғын атамыз. Жеті жарғы заңына, Үнін қосқан атамыз. Дат сұраған ерлікпен, Ол — Қазыбек атамыз. Бүгінде оның аты аңыз, Еске..
©  Жібек Ысқақова
Дара туған атамыз
Шешендікпен үн қатқан, Дара туған атамыз. Он төрт жаста дат сұрап, Сөз сөйлеген атамыз. Кім десеңіз айтайын, Ол — Қазыбек атамыз.
©  Жібек Ысқақова
Мақтанышы қазақтың
Хандық дәурен кезінде, Би атанған атамыз. Орта жүздің биі ол, Қазыбек би атамыз.
©  Жібек Ысқақова
Қазыбек би атамыз
Қазыбек би атамыз, Жүрегінде жалын бар. Сөзбен бәрін шешетін, Өн бойында дарын бар.
©  Жібек Ысқақова
Қаз дауысты атамыз
Қаз дауысты атамыз, Қорықпаған ханнан да. Ақылдықпен ой қозғап, Шыға білген заңғарға.
©  Жібек Ысқақова
Жүрек…
Жүрек…Жанып кетті,Күлі қалды…КөңілКетпес кірбіңІліп алды…КүдікТабаладыҚұнын алды…Сенім әлдеқашан құрыған-ды…
©  Жанат Әскербекқызы
Күн өртеніп, күлі қалды...
Күн өртеніп, күлі қалды,Шарам жоқ.Жел тепсініп тұрып алдыМаған кеп.Өксиді үнімКерең түнге тұтқын болып қалам деп...
©  Жанат Әскербекқызы
Есілден соққан ерке жел...
Есілден соққан ерке жел,Ерте кел үнін өзеннің,Шежірең болса шерте бер,Сергелдеңіңді сезермін...Күреңденумен күн бітсе,Сырын айтады ай түнде.Есілге..
©  Жанат Әскербекқызы
Күзгі сарын...
Күрсінесің, жүзіңде мұң.Күңгірт тарқан күзім менің!Көріп тұрсың ақ қайыңнанЖапырақтың үзілгенін...Жетім қалған жұртың анау,Сұп-сұр болған бұлтың..
©  Жанат Әскербекқызы
Ең танымал тақпақ
Аю отырпартадаеки колы калтадаапай Сабак сураса юктап капты маскара  
Жүрегінде жалын бар
Жүрегінде жалын бар, Бойында оның дарын бар. Роза апаны ерекше, Барлық адам сағынар.
©  Жібек Ысқақова
Қаһарманы қазақтың
Бағланова Роза апам, Қаһарманы қазақтың. Бар әлемге паш еткен, Сұлулығын қазақтың.
©  Жібек Ысқақова
Есіміңіз жүректе
Бағланова Роза апам, Есіміңіз жүректе. Әндеріңіз тербетіп, Күй сыйлайды жүрекке.
©  Жібек Ысқақова
Күміскөмей әншіміз
Күміскөмей әншіміз, Бағланова Роза апа. Әндеріңіз тербетер, Бар әлемді Роза апа.
©  Жібек Ысқақова