meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Түн...
Түн...Жұбатар бір жан іздеп келемін,Қабағы салқын күзге өкпеледім.Қараңғылықты қарашыққа іркіп,Қарауытқанды сіз деп көремін.Түн...Адастырады, алдайды..
©  Жанат Әскербекқызы
Еңбек
Шаттықтың әнін тербеткен,Көресің мені жер - көктен.Ерліктің туын өрлеткен,Өркендер ғалым еңбекпен.Сондықтан ойлап ертеңді,Сүйіп өс, маған табын..
Еңбек
Жасампаз төрді түлетіп,Жаңғыртқан қайта мың рет.Шөлейтті жерді гүл етіп,Жайқалтқан мен бір құдірет.Бәрі де менің жеңісім, Зейнетім, демек..
Еңбек
Қырға шықсаң, өрлеп,Мұның аты – ЕңбекКесте тіксең, зерлепМұның аты – ЕңбекСабағыңа жөндепӘзірленсең – Еңбек.Қиындықтың бәрінЕңбек қана жеңбек.
Олар біздің бағымыз
Елтаңба, Ту, Әнұран, Олар біздің бағымыз. Көкжиектен ататын, Нұрын шашар таңымыз.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздерге бас ием
Рәміздерге бас ием, Елтаңба, Ту, Әнұран. Баурап елді өзіне, Бейнесімен таң қылған.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздер ол жанымыз
Елтаңба, Ту, Әнұран, Рәміздер ол жанымыз. Ұлтты бастар тек алға, Рәміздер ол барымыз.
©  Жібек Ысқақова
Отыз жылдық Рәміздер
Отыз жылдық Рәміздер, Қазаққа шын дем берген. Елтаңба, Ту, Әнұран, Жүректерде тербелген.
©  Жібек Ысқақова
Рәміздерсіз күн қайда
Рәміздерсіз күн қайда?! Бет бейнесі қазақтың. Елтаңба, Ту, Әнұран, Бейнесіндей ғажаптың
©  Жібек Ысқақова
Мақтанамыз олармен
Елтаңба, Ту, Әнұран, Мақтанамыз олармен. Олар үшін әрқашан, Әсем әнге салар ем.
©  Жібек Ысқақова
Көңілге күй беретін
Рәміздерге мың алғыс, Көңілге күй беретін. Бейнесі боп қазақтың,. Еліме сый беретін.
©  Жібек Ысқақова
Бейнесі олар қазақтың
Бар әлемге танытар, Бейнесі олар қазақтың. Жасай берсін, Рәміздер, Алға бастап ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Бұлар біздің Рәміздер
Елтаңба, Ту, Әнұран, Бұлар біздің Рәміздер. Құтты болсын биылғы, Отыз жылдық— Рәміздер!
©  Жібек Ысқақова
Қазақ үшін жаралған
Қазақ үшін жаралған, Біртуар жан, Қонаев. Еске алып атаны, Музейіне барайық. Әрбір ісін құрметтеп, Біздер ғибрат алайық.
©  Жібек Ысқақова
Өмірден өтті атамыз
Өтті өмірден атамыз, Сенсен екі жасында. Дінмұхаммед Қонаев, Біртуар жан расында.
©  Жібек Ысқақова
Бірінші қазақ басшысы
Димаш ата Қонаев, Бірінші қазақ басшысы. Елдің қамын ойлаған, Басшылардың жақсысы.
©  Жібек Ысқақова
Ширек ғасыр басқарған
Ширек ғасыр басқарған, Қарағымның даласын. Бауырына басқан жан, Қазақтың әр баласын. Дінмұхаммед Қонаев, Түсінген жан жарасын. Есте мәңгі сақтайды..
©  Жібек Ысқақова
Ұлттың қамын ойлаған
Азаматы қазақтың, Ұлттың қамын ойлаған. Димаш ата Қонаев, Сатқынды жай қоймаған.
©  Жібек Ысқақова
Басшысы ол қазақтың
Ел басқарған бірінші, Басшысы ол қазақтың. Қазақ үшін қызмет қып, Тудырған жан ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Қайраткері қоғамның
Қайраткері қоғамның, Дінмұхаммед Қонаев. Ата үшін бірлікте, Ынтымақта болайық.
©  Жібек Ысқақова
Димаш ата Қонаев
Социалистік еңбек ер, Атанған үш рет атамыз. Еске алып біз сізді, Жүрекпен үн қатамыз.
©  Жібек Ысқақова
Жүз он жыл Димаш атаға
Жүз он жыл Димаш атаға, Болыпты міне халайық. Еске алып Димаш атаны, Жыр жазып, әнге салайық.
©  Жібек Ысқақова
Кірпігіне мұз тұрған...
Кірпігіне мұз тұрған,Кінәмшіл көңіл сілкін бір.Қабағына қар қатқанҚаңтарға құл боп күлкім жүр.Жазықсыз үміт жаутаңдап,Қапалы түннен сығалар.Жан..
©  Жанат Әскербекқызы
Дарыны бар бойында
Дарыны бар бойында, Қазақ үшін жаралған. Туып Абай жерінде, Бойға қуат таралған. Мұхтар ата Әуезов, Ғалым болып саналған. Ұстаз болып қызмет қып..
©  Жібек Ысқақова
Омарханұлы Әуезов
Омарханұлы Әуезов, Ғалымы бұл қазақтың. Арқасында Мұхтардың, Атты міне ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова