meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Қуаныштар орнасын
Ұстаздардың күнінде, Қуаныштар орнасын. Әр жыл сайын мереке, Таба берсін жалғасын.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын тілеймін
Ұстаздардың күні бұл, Құтты болсын тілеймін. Саулықтарың мықты боп, Амандықта жүр деймін.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен бүгінгі
Мерекеңмен бүгінгі, Ұстаздарым, шырайлым. Жұлдыздарың жымыңдап, Жарқырасын күн, айың.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздарым ардақты
Құтты болсын мерекең, Ұстаздарым ардақты. Тәрбие, білім беретін, Ұстаздарым жан-жақты.
©  Ұстаздар күні
Білім берер ұстазым
Құтты болсын мерекең, Білім берер ұстазым. Өзіңменен өтуде, Балдай тәтті қыс-жазым.
©  Ұстаздар күні
Амандықта болыңдар
Ұстаздарым аяулы, Амандықта болыңдар. Мерекеде гүл жайнап, Толған айдай толыңдар.
©  Ұстаздар күні
Ұстазым менің ұстазым
Ұстазым менің ұстазым, Білім беріп үйреткен. Құтты болсын бүгінгі, Келіп жеткен мерекең.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздардың күнімен
Құттықтаймын ұстаздар, Мерекеңмен кеп жеткен. Қуанышың көп болсын, Шаттығымен тербеткен.
©  Ұстаздар күні
Білім берер ұстазым
Білім берер ұстазым, Құтты болсын мерекең. Бар жақсыны тілеп мен, Өлеңіммен тербетем.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен ұстаздар
Мерекеңмен ұстаздар, Келіп жеткен бүгінгі. Шын жүрекпен құттықтап, Ұсынамын гүлімді.
©  Ұстаздар күні
Ұстазым менің жүрегім
Құтты болсын мерекең, Ұстазым менің жүрегім. Ұстаздардың күнінде, Бар жақсыны тіледім.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен ұстазым
Меркеңмен ұстазым, Құттықтаймын мен сізді. Бар жақсыны тілеймін, Шын жүрекпен мен ізгі.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын ұстазым
Құтты болсын ұстазым, Келіп жеткен мерекең. Ұстаздардың күнінде, Ән-жырыммен тербетем.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздарым ай, күнім
Ұстаздарым ай, күнім, Білім нәрін себетін. Құтты болсын мерекең, Қуанышын беретін.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздардың күні бұл
Құтты болсын бүгінгі, Ұстаздардың күні бұл. Ұстаздарға арналар, Шәкірттің ізгі жыры бұл.
©  Ұстаздар күні
Ұстаз деген ұлы есім
Ұстаз деген ұлы есім, Бізге білім беретін. Құтты болсын мерекең,Әр жыо сайын келетін.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздардың күнімен
Құттықтаймын бүгінгі, Ұстаздардың күнімен. Бар жақсыны тілеймін, Әнім менен жырыммен.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Ұстаздардың күні бұл. Бүгін шаттық, мереке, Біздер үшін ұлы күн.
©  Ұстаздар күні
Ғұмыр-ау, алдадың ба ақын қызды...
Ғұмыр-ау, алдадың ба ақын қызды,Қайғының жасы жуып жатыр жүзді.Алысқа сен жол алдың, мен ауылда,Айырды қайран арман ақыр бізді.Ғұмыр-ау, алдадың ба..
©  Гүлнәр Уәлиоллақызы
Қиялмен қырық айналып қала-түзді...
Қиялмен қырық айналып қала-түзді,Білгіңіз келсе осылай «қара қызды».Іздерсіз арман таудың бөктерінен,Ниетпен азаматтық саналы ізгі...
©  Әлима Ысқақ
Қайтайын деп қайта шықтым жотаға...
Қайтайын деп қайта шықтым жотаға,Көз ұшында қала берді тошала,Ұрпақтарға ұя болған осы ара,Қош бол, қош бол, мен аттанған босаға.
©  Ұлыхан Сұлтанқызы
Қазақ тілі
Тілімізді қадірлейік, бәріміз де,Тіл болмаса күніміз ол күніміз бе?Сондықтан да Мәртебелі Тілімізді,Ең алдымен құрметтейік бәріміз де!
©  Кенжебек Сержанұлы
Бекболат Тілеухан
Ол қазаққа таныс дара адам,Ей, қарағым бері қара сен маған.Бөрлі ұлы ол бәріне мүшһүрлі,Бекболаты ел хәліне жараған. 
©  Кенжебек Сержанұлы
Мұқағали мен Тобыр
«Ішу керек ақын қанша?»«Ішпеу керек ақыл болса!»Жердің Құрты!Көкте жүргенПеріштеде қахың қанша?!
©  Серік Ақсұңқарұлы
Сезімтал менің сенімім...
Сезімтал менің сенімім,Сүрініп неге кетпейсің?Кінәмшіл менің көңілімТүңіліп неге кетпейсің?Үркектеу едің, үмітім,Үгіліп неге кетпейсің?Солып та..
©  Жанат Әскербекқызы