Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Республика күнінде күлімдей түс
Құтты болсын Республика күні бұл, Шаттығы мен қуанышын арнайтын. Күлімдей түс Республика күнінде, Қуанышты қуанышқа жалғайтын.
© Республика күні
Бүгін шаттық мереке
Қазағым қуан, қараңыз, Республика күні бұл. Байрағымыз желбіреп, Көгімде әне күліп тұр.Абыройың асқақтап, Тарқамасын базарың. Республика күнінде..
© Республика күні
Республика күнінде жайна қазақ
Республика күнінде жайна қазақ, Мерекені тойлатып әр жыл сайын. Қуаныштар жалғансын шаттық берер, Бақытты сәт лайым көп боп дәйім.
© Республика күні
Республика күні бұл нұрландырар
Республика күні бұл нұрландырар, Жиырма бесі қазанның жанға жайлы. Құтты болсын қазағым бұл мерекең, Нұрландырып шығарар күн мен айды.
© Республика күні
Егеменді елміз біз
Егеменді елміз біздер бүгінде, Республика күнін тойлар жыл сайын. Азаттығым, қазақтығым жасап тек, Тәуелсіздік тұғырлы боп тұр дәйім.
© Республика күні
Құтты болсын қазағым
Республика күні бұл, Құтты болсын қазағым. Азаттығым мәңгі боп, Тарқамасын базарың.
© Республика күні
Жасай берші қазағым
Жиырма бесі қазанның, Республика күні бұл. Жасай берші Отаным, Артып елдің құны мол.
© Республика күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Республика күні бұл. Қуанышқа кенелсін, Қазағымның үні бұл.
© Республика күні
Республика күнінде
Республика күнінде, Гүлдей жайна қазағым. Алға қарай ұмтылып, Арта берсін ғажабың.
© Республика күні
Республика күні жасасын
Республика күні бүгін жасасын, Қуанышты жанға жайлы балдай тым. Қазағымның ұрандары жасасын, Бар жақсысын бұл еліне арнайьын.
© Республика күні
Республика күнімен
Қазақ елім, ғажабым, Болмасын еш азабың. Республика күнінде, Кіре берсін ажарың.
© Республика күні
Қарттар күні шуақты
Қарттар күні шуақты, Барлық қартқа дем берсін. Әрбір күні шаттықтар, Қарттарыма ем берсін.
© Қарттар күні
Қанатыңыз талмасын
Қазыналы қарттарым, Қанатыңыз талмасын. Жаратқаным жар болып, Жақсылығын жалғасын. Бүгін қарттар күнінде, Қуаныштар орналсын.
© Қарттар күні
Бақыттымыз сіз барда
Қарттарымыз аман бол, Бақыттымыз сіз барда. Бүгін қарттар күнінде, Бақ тілейміз бар жанға.
© Қарттар күні
Ата қарттар күнімен
Құттықтаймын жан ата, Қарттардың бұл күнімен. Мерейіңіз асқақтап, Қуанта бер үніңмен.
© Қарттар күні
Өміріміз ғажайып
Қарттарымыз жаны бай, Құтты болсын мереке. Бүгін қарттар күнінде, Арта берсін береке.
© Қарттар күні
Бағалаймыз сіздерді
Қазыналы қарттарым, Бағалаймыз сіздерді. Болыңыздар тек аман, Қуандырып біздерді.
© Қарттар күні
Әжетай, қарттар күнімен
Әжетай қарттар күнімен, Құттықтаймын мен сізді. Бақыт, шаттық тілеймін, Бар жақсыны мен ізгі.
© Қарттар күні
Қарттарымыз бағалы
Қарттарымыз бағалы, Аман болсын әрқашан. Бүгін қарттар күнімен, Құттықтасын барша жан.
© Қарттар күні
Күлімдесін үніңіз
Қарттарымыз аман бол, Күлім қағып үніңіз. Бүгін қарттар күнінде, Таусылмайды жырымыз.
© Қарттар күні
Қарттар күні жалғанып
Әр жыл сайын тойлансын, Қарттар күні жыл сайын. Қарттар барда біздерде, Алаңдау мен жоқ уайым.
© Қарттар күні
Жанымыз бір сіздермен
Қазыналы қарттарым, Жанымыз бір сіздермен. Қарттар күні тойланып, Қуаныңыз біздермен.
© Қарттар күні
Қарттар күні ағайын
Құтты болсын бүгінгі, Қарттар күні ағайын. Әуелетіп, шырқатып, Әсем әнге салайын.
© Қарттар күні
Көңіліңіз жайлансын
Қазыналы қарттарым, Көңіліңіз жайлансын. Бүгін қарттар күнінде, Ғажайыптар орналсын.
© Қарттар күні
Аман болшы қарттарым
Аман болшы қарттарым, Жақсылыққа бастайтын. Беріп аппақ батасын, Асықпайтын, саспайтын. Құттықтаймын сендерді, Бүгін қарттар күнімен. Тыңдаңыздар..
© Қарттар күні