meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік тойланарОн алтыншы желтоқсан. Мен де тақпақ айтамын, Мерекеде ел тосқан.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік жасасын, Мерекеге ұласқан. Шаттанып жас жанымыз, Бәйшешектер гүл ашқан.
©  Тәуелсіздік күні
Сеніменен биікпіз
Сеніменен биікпіз, Тәуелсіз ел, қазағым. Құтты болсын мейрам деп, Өзіңе жыр жазамын.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік бағымыз
Қуанышын сыйлайтын, Тәуелсіздік бағымыз. Бар әлемге танылған, Қазақ елі жанымыз.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік жандансын
Әнұраным шырқалып, Тәуелсіздік жандансын. Бейбіт қазақ еліма, Бүкіл әлем таңдансын.
©  Тәуелсіздік күні
Рахмет саған туған ел
Тәуелсіздік күнінде, Мерекені тойлаймыз. Рахмет саған туған ел, Сеніменен жайнаймыз.
©  Тәуелсіздік күні
Құтты болсын мереке
Тәуелсіздік мейрамы, Есік ашты қараңыз. Азат күнде туылған, Біз бақытты баламыз.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік гүліміз
Тәуелсіздік гүліміз, Тамыр жайған тереңге. Сыйластық бұл үніміз, Баулитын бұл өнерге.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні бұл
Нұрын шашар біздерге, Тәуелсіздік күні бұл. Патриоттық сезімде, Тербелесін ән мен жыр.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік бүгінгі
Тәуелсіздік бүгінгі, Құтты болсын ағайын. Күлім қағып күніміз, Төге берсін арайын.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күнімен
Тәуелсіздік күнімен, Құттықтаймын қазағым. Ынтымақта, бірлікте, Арта берсін ғажабың.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні келді
Тәуелсіздік күні келді, Қараңыздар достарым. Елімізді қуантып, Күлімдеп тұр аспаным.
©  Тәуелсіздік күні
Құтты болсын мерейтой
Тәуелсіз ел қазағым,Отыз бір жас тойлайтын. Құтты болсын мерейтой, Қуанышты жалғайтын...
©  Тәуелсіздік күні
Жайна елім, қазағым
Отыз бір жас ашты есік, Жайна елім, қазағым. Тұғырлы боп азаттық, Тарқамасын базарың.
©  Тәуелсіздік күні
Қазақстаным айбыным
Тәуелсіздік тойлайтын, Қазақстаным айбыным. Отыз бір жыл мінеки, Жарқырасын ай, күнің
©  Тәуелсіздік күні
Бар жақсыны тілейміз
Тәуелсіз ел қазағым, Отыз бір жас ашты есік, Бар жақсыны тілейміз, Алға қадам бас десіп.
©  Тәуелсіздік күні
Сен деп өмір сүремін
Сен деп өмір сүремін, Тәуелсіздігім киелім. Отыз бір жыл ашты есік, Өзіңе бас иемін.
©  Тәуелсіздік күні
Отыз бір жыл мерекең
Отыз бір жыл мерекең, Құтты болсын қазағым. Кырық, елу алпыс жыл, Арта берсін ғажабың.
©  Тәуелсіздік күні
Бар жақсыны арнаймыз
Тәуелсіздік тұғырым, Отыз жылдығын өткерген. Құтты болсын мерекең. Отыз бір жыл дөп келген.
©  Тәуелсіздік күні
Көңіліміз жай біздің
Отыз бір жыл жетті кеп, Көңіліміз жай біздің. Тәуелсізбіз, шаттықта, Өткеретін ай, күзін.
©  Тәуелсіздік күні
Арайлы таң нұр сыйлап
Қуанайық шаттана, Арайлы таң нұр сыйлап. Отыз бір жыл жасасын, Тәуелсіз ел жыр сыйлап
©  Тәуелсіздік күні
Болмасыншы қайғы-мұң
Отыз бір жыл ашты есік, Болмасыншы қайғы-мұң. Тұғырлы боп азаттық, Жарқырасын ай, күнің.
©  Тәуелсіздік күні
Қазақ елім сен барда
Отыз бір жыл ұласар, Қазақ елім сен барда. Тәуелсіздік тойланып, Шығармыз көп заңғарға.
©  Тәуелсіздік күні
Жаса менің қазағым
Отыз бір жыл ашты есік, Жаса менің қазағым. Тәуелсіздік жанданып, Тоқтамасын базарың.
©  Тәуелсіздік күні
Отыз бір жыл ұлассын
Отыз бір жыл ұлассын, Қырық, елу, алпысқа. Азаттықты тойлайық, Әрбір аймақ, әр тұста.
©  Тәуелсіздік күні