Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Тапир
Терісі жұқа, тап-тақыр,Бір аң бар, ол – тапирМүйізтұмсыққа ұқсайды,Маң басып келе жатыр.Қамысты көл мекені,Жортуылдап кетеді,Шошқаға ұқсап ол..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Аю
Аю да қорбаңдап,Ертіп ап қонжығын,Қожасы орманныңАзығын табады.Томпаңдап жүгірсе,Құр атша шабады-ақ.Бір аңға шүйілсе,Ашуы жаман-ақ.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Арыстан
Аңдардың патшасыАрыстан айбатты.Жем болар басқасы,Талайын жайратты.Бүгін тым айбарлы,Қарыны аш əлі.Кездескен аңдарыТұра кеп қашады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Фенек
Жүрісі де біртүрлі,Келтіретін күлкіні.Фенек деген бір аң барКөргендейсің түлкіні.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Үйректұмсық
Сирағы өте қысқаҮйректұмсық құс па?Деп балалар таңданды,Зообаққа барғанда.Жалпақ табан «күрегі»Балпаң басып жүреді.Ғаламшарда тек оларАвстралияда..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Үстірт қойы (Муфлон)
Жабайы бұл аңның«Туысы» – қой болар.Мия шөп, жусандыСүйсіне жейді олар.Мүйізі нəн болар,Қой менен қошқардай.Аңқау аң жем боларБүркіт пен қасқырға.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Ягуар
Шұнтиған құлағы,Ашуы айбарлы.Америка тұрағы,Шошытар аңдарды.Тап-тарғыл терісі,Ягуар аты бар.Аңдардың «серісі».Оқтай боп атылар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Ілбіс
Түріне қарасаң,Ұқсайды мысыққа,Өзі бір «тамаша аң»,Мысықтан пысық па?Адамға мысықтарТигізер пайдасын.Ілбістер – «пысықтар»Асырар айласын.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Әдемі бар шыршамыз
Шыршамыз бар әдемі, Жаңа жылды тойлайтын. Жаңа жылда шыршадай, Жандармыз біз жайнайтын.
© Жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл, Айналама шашып нұр. Шыршаны біз айнала, Ән шырқайық айтып жыр.
© Жаңа жыл
Айналайық шыршаны
Айналайық шыршаны, Қане қарап тұрмайық. Әнді айтып, жырлатып, Жаңа жылды тойлайық.
© Жаңа жыл
Жап-жасыл бар шыршамыз
Есік ашты жаңа жыл, Құтты болсын бүгінгі. Жап-жасыл бар шыршамыз, Арнап айтар жырымды.
© Жаңа жыл
Шыршамыз тұр ортада
Келді жаңа жылымыз, Құтты болсын баршаға. Шыршамыз тұр ортада, Тойлайықшы шаттана.
© Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Есік ашқан мінеки, Құтты болсын жаңа жыл. Ақшақармен ән айтып, Би билейік шашып нұр.
© Жаңа жыл
Ақшақар, ақшақар
Ақшақар кел, ақшақар, Жаңа жылды жетелеп. Құтты болсын жаңа жыл, Келген бізге еркелеп.
© Жаңа жыл
Ақшақармен қызықты
Жаңа жылды тойлауда, Ақшақар бар қылықты. Жаңа жылды бір тойлап, Өткізейік қызықты.
© Жаңа жыл
Аяз ата ақшақар
Аяз ата, ақшақар, Келді жаңа жылымыз. Ақшақардай әдемі, Болсын жаңа күніміз.
© Жаңа жыл
Аяз ата, жаңа жыл
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата барсыз ба? Жаңа жылды тойлатар, Бір ерекше жансыз ба? Сіз деп тақпақ айтамын, Тұрып алып қасыңа. Суретке бір түсейік..
© Жаңа жыл
Жаңа жыл құнды сенімен
Аяз ата келіңіз, Дайын сізге төріміз. Тақпақ айтам, ән айтам, Сыйлығымды беріңіз.
© Жаңа жыл
Аяз ата әнекей
Құтты болсын жаңа жыл, Аяз ата әнекей. Ән айтайық, билейік, Ал достарым қәнекей.
© Жаңа жыл
Келді жаңа жылымыз
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата төрімде. Келді жаңа жылымыз, Бақыт сыйлап еліме.
© Жаңа жыл
Аяз ата келіңіз
Аяз ата келіңіз, Оң аяқпен еніңіз. Өнерлі бар балаға, Сыйлығыңды беріңіз.
© Жаңа жыл
Атсын жайнап таңымыз
Қоян жылы күлімдеп, Атсын жайнап таңымыз. Аман болып қазағым, Жана берсін бағымыз...
© Жаңа жыл
Тыныш болсын еліміз
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылды тойлайық. Тыныш болып еліміз, Жарқырайық, жайнайық.
© Жаңа жыл