Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Ақтөбе мен Арқалық
Ақтөбе мен Арқалық –Қазақтың көркем қаласы,Біледі оны бар халық,Атақты Торғай даласы.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Алматы
Алып таудың әр тасы,Аршасы мен шыршасы,Алматымнан басталғанӨнер мен білім ордасы.Алатаудың шыңынанНұр шашып тұр арай – Күн,Көктөбеге шығып ап,Гүл..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Астана
А дегенім – Астана,Тәуелсіздік тынысы,Қазаққа болған бас қала,Алматының «інісі».
© Нұртан Төлепбергенұлы
Құлан
Құландар қасиеттіАңдардың бірі ғой.Теңеме есекке,Денесі ірі ғой.Сирағы тым қысқа,Кең дала – мекені.Кей кезде жыртқышқаЖем болып кетеді.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қодас
Қодастар тобыменЖайылар тауларда.Мүйізі, мойыныменТым күшті қорғауға.Қасқырлар ұмтылса,Тап беріп табанды,Жан сақтап, жалт берер,Қашқаны жаман да.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қолтырауын
Ауызын ашқанда,Арандай ашады.Балықтар сасқанда,Тұра кеп қашады.Өте зор күшіменЖорғалап, жортады,Азулы тісіненБасқа аңдар қорқады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қоян
Қояндар секектеп,Құлағын түреді.Қасқыр жеп кетед деп,Суылдар жүрегі.Серуендеп жортады,Секіріп жүр бүгін.Естісе қорқады,Қамыстың сыбдырын.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қасқыр
Аш қасқыр жортумен,Көп кезді даланы.Ақбөкен қорқумен,Зымырап барады.Жортады сайларда,(Зұлымын қарашы),Момақан қойларғаЖетеді шамасы.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қарсақтар
Жабылып таласа,Қарсақтар құтырар.Өрмелеп ағашқа,Маймылдар құтылар.Құйрығы бұлғақтап,Түлкідей жортады.Бүркіттен жан сақтап,Өлердей қорқады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қорқау қасқыр
Қорқаулар жортады,Баса алмай ентігін.Ірі аңнан қорқады,Жеу үшін жемтігін.Жоқ онда намыс та,Жемтіктен кетпейді.Аю мен жолбарысқаШамасы жетпейді.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Құндыз
Өзі бір тамаша аң,Құндыз тым көрікті.Атамдар жараса,Киеді бөрікті.Терісі сұр аңныңМінезі ғажайып.Тұқымы бұл аңныңБарады азайып.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қарақал
Құйрық пен құлағы,Ұқсайды мысыққа.Орманда – тұрағы,Мысықтан пысық та.Түрі де біртүрлі,Ілбістен аумайды,Қоянды, түлкініАзыққа жалмайды.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Құну
Түріне қарасаң,Құну бір тамаша аң.Терісі жарасар,Оған кім таласар?Жай кезде жайдары,Мінезі біртоға.Секіріп ойнайды,Ағашқа, шыршаға.Жауынан..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қарақұйрық
Кең дала – мекені,Тым аңқау аң өзі.Жай іздеп кетеді,Ашырқап өзегі.Су іздеп суатқа,Барғанда сақтанар.Аңқау аң бірақ таҚорқауға тап болар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қабылан
Жүйрік-ақ қашқанда,Білсеңіз қай бұл аң?Ұқсамас басқа аңға,Жыртқыш аң қабылан.Құтырып кетеді,Ашылса араны.Аямас таутекені,Жеп қояр маралды.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қабан
Қабандар қорсылдап,Жер қазды тұмсықпен.Қашты, əне, борсаңдап,Қай жыртқыш үркіткен?Қашқанда талтаңдап,Жаулары жетпейді.Торайлар томпаңдап,Жанынан..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Күзен
Көрдік біз күзенді,Бір қызық тіршілік.Ұядан жүз шығып,Жүреді жүз кіріп.Жаутаңдап қарайды,Көздері дөңгелек.Бізді дос санайды,Оған да жем керек.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Киік
Киікті пір тұтып,Өсірген қазақтар.Қорқытып, үркітіп,Кей аңшы азаптар.Киелі тағылар,Жазықсыз жануарМөлдіреп жанары,Азайып барады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Лама
Өркеші жоқ оның,Ұқсайды түйеге,Маң басып жүреді,Жапырақты сүйеді.Америка тұрағы,Зообақтан табылар.Қалқайған құлағыМомақан жануар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Маймыл
Секірер секеңдеп,Ағаштан ағашқа.Жерге ұшып кетем деп,Қорықпайды-ау ол онша.Мұрыны шұнтиып,Қалқайып құлағы,Шаршаса үрпиіп,Ойланып тұрады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Мүйізтұмсық
Тұмсығында мүйізі,Мүйізіндей бұқаның.Сирағы үлкен, ірі өзі,Терісі оның тым қалың.Күні бойы ормандаБалпаң басып жортады,Бір қатер тап..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Кірпі
Көп аңдар сақтанып,Кірпіге тимейді.Тиіссе тап беріп,Инесін түйрейді.Жайымен жорғалап,Далада жортады.Сақтанып, қорғанып,Түлкі де қорқады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Зебра
Тең келер құр атпен,Қараала «шапаны».Тарпыса тұяқпенЖауы өліп жатады.Ерекше сəні бар,Шалғында жайылар.Жылқыдай жалы бар,Жүйрік бір жануар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Ондатр
Терісі бағалы,Ондатр көрікті.Адамдар жағаны,Киеді бөрікті.Өзі бір аңқау аң,Өзенде жүзеді.Көбіне байқамай,Ауға кеп түседі.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Жираф
Созғанда аспанғаМойыны ұзын жирафтың.Көреді қашқандаПайдасын сирақтың.Бойы тым ұзын-ақ,Жүре алмас тауыңда.Қашқанда зымырап,Жеткізбес жауына.
© Нұртан Төлепбергенұлы