Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Орбұлақ шайқасы
Майданда да, тылда да,Тастамай найза, қалқанын,Орбұлақ шайқасында даШығарған жаудың талқанын.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Орал
О дегенім – Орал ғой,Батыстағы бай қала.Арнасында Ақжайық,Ағып жатыр жай ғана.Ойжайлауда салған әнОйылға барып жетеді.Құт-береке дарыған,Қазақтың..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Нарынқол
Н дегенім – Нарынқол,Хантәңірім – қалқаным.Хангелді батыр жинап қол,Шығарған жаудың талқанын.Бір қиырда – Нарын құм,Еділ мен Жайық арасы,Ата жаумен..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Мақаншы мен Марқакөл
Мақаншы мен МарқакөлАғайындас ауылдар.Меркеден ессе самал жел,Бурныйда күшті дауыл бар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Маралды
М дегенім – Маралды,Маралды десе – маралды.Естай әнші бұл жерде,Шырқаған Құсни – Қорланды.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Лепсі
Л дегенім – Лепсі ғой,Тоғыз жолдың торабы.Легімен келіп пойыздар,Шығысқа жүйткіп барады.Леңгірге барсаң, қонақжай,Қазағым қарсы алады.Айтатын әні..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қарасаз
Ұл-қыздары дарынды,Жайлауы жазда құлпырған.Қасиетті Қарасазымда,Мұқағалидай ұл туған.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қаскелең
«Тыңда, Қастек, Қаскелең...», –Деп жазған Жамбыл жыр қандай!?Қарасай батыр қасқайып,Қарауылдап, қорғап тұрғандай.«Қазығұрттың басында кеме қалған»..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қарқаралы
Қарқаралы – жердің жәннаты,Баяу жел ескен қырқадан.Біржан салдай талантты,Әніне қосып шырқаған.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қапшағай
Құмды жағалауда жағажай,Теңіздің салқын самалы-ай,Жасанды теңіз жағалай,Салынған қала Қапшағай.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қызылорда мен Қостанай, Қарағанды
Қ дегенім – Қорғалжын,Үйрек ұшып, қаз қонған.Қарағандыда «қара алтын»,Қаратауда кен қазған.Қордайда шырқап асқақ ән,Думанмен таңын атырған.Қызылорда..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Кентау
Кентауым болған мақтаны,Оңтүстік Қазақстанның.Арайлап атқан ақ таңы,Дарытты бойға күш-дарын.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Көкшетау
К Көкшетау – кербезім,Көркіңе сенің көз жетпес,Табиғат салған өрнегім –Бурабай мен Оқжетпес.Кегенге достар келіңдер,Қымызға тойып қайтамыз.Қарқара..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Зайсан
З дегенім – Зайсан ғой,Балығы жүзген көлінде.Адамдары да жайсаң ғой,Жайдары жандар, көңілді.Кім білмейді Зеренді,Алтайдың асыл алқасын.Ақындар арнап..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Жалаңаш
Жалаңаштың тауы жартасты,Көлсайы көркем, көрікті.Қарағай, шырша, аршасын,Құдайым сыйға беріпті.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Жаңатас
Жерімде байлық жетеді,Қасиетті асыл тастарым.Фосфорын мақтан етедіЖаңатастағы достарым.Жалағаш стансасындаЕседі баяу бір ызғар,Ары - бері..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Жезқазған
Ж дегенім – Жезқазған,Сапырған мыс пен мырышын.Жездіде кенші кен қазған,Еселеп елдің ырысын.Жаркенттен басталған,Шекаралық кеденім.Жаңаарқада..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Есік
Е деген ол – Есік қой,Алатаудың бөктері.Ерейментау несіп қой,Сонау қиыр шеттегі.Қазып, тасып жатырмыз,Екібастұз көмірін.Баскесер Ермак..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Дегерес
Д дегенім – Дегерес,Сәйгүліктер баптаған.Бәйге де бір «ерегіс»,Қазақ онсыз жатпаған.Игілікке жаратқан,Доссордың мол мұнайын.Қазақтың қара..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Атырау
Г дегенім – Гурьев,Қазіргі аты – Атырау.Ақжайығым – жерұйық,Мұнайшылар батыр-ау!Алматының іргесі –Көрікті ауыл – Гүлдала.Гүлдалаға іргелес,Талғардай..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Балқаш
Б дегенім – Балқашым,Мыс пен мырыш – байлығы.Бурабайдың әр тасынАймалайды Ай – Күнім.Байқоңырдан ғарышқа,Ұшты алып кемелер.Ұшсам кейін Марсқа,Ерлік..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Күмбездер
Атамұра – күмбездерҚала мен ауыл ажары.Әулиеата маңындаАйша Бибі мазары.Әр қаланың әсем бірКелбеті бар, көркі бар.Көркем күйін көңліңе,Домбырамен..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Әлмерек
Ə дегенім – Әлмерек –Жаңа ауыл атауы.Әулиеата керемет,Көне қазақ шаһары.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Атырау
Мұнаралар бой созған,Атыраудың аспаны,Аягөзден басталғанҚазақтың жыр мен дастаны.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Ақтау
Мәрмәр тасы әр берген,Жарасады мақтауға.Әр қалаға сән берген,Бір барып қайт Ақтауға.
© Нұртан Төлепбергенұлы