Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
АҚ КҮШІК
Ей, ақ күшік, ақ күшік,Жалқау күшік – жат күшік!Қоян көрсең тұрмайсың,Қойға мойын бұрмайсың.Дайын асқа иесің,Тек жатқанды сүйесің.Сендей бала..
© Жәди Шәкенұлы
КҮН МЕН АЙ
Арасынан бұлттардың,Күн домалап барады.«Доп қып оны алам» депҚайрат қуанып қарады.Дөңгеленіп аспанда,Әп-әдемі ай тұрды.«Айна қылып алсам»..
© Жәди Шәкенұлы
МЕЗГІЛДЕР
Қаңтар деген немене,Қар мен мұзды елеме.Ақпан келсе ақырып,Аяз ұрар денеңе.Наурыз келді наз келді,Көңілдерге саз берді.Сәуір келді жаз келді,Қоңырала..
© Жәди Шәкенұлы
БАТА
Оу, балам, тентек болма, елпек бол.Мұратыңа жетпек бол.Селтек болмай, сетер бол,Бал қосылған шекер бол.Білімі көп дарын бол,Лапылдаған жалын..
© Жәди Шәкенұлы
ОЯТУ ЖЫРЫ
Тұр, бөпешім, тұр енді,Дала нұрлы күн шықты.Тау-қырқалар құлпырып,Алуан-алуан гүл шықты.Құрбыларың әнеки,Бара жатыр мектепке.Санасына алтын дән,Білім..
© Жәди Шәкенұлы
САНАМАҚ
«Бір» дегенім білім,Білім үйрен інім.«Екі» дегенім егін,Еңбек етпе тегін.«Үш» дегенім үміт,Үміт қуар жігіт.«Төрт» дегенім тоқтық,Айтпа бала..
© Жәди Шәкенұлы
АПАСЫНЫҢ БАЛАСЫ
Баласысың сен кімнің?- Мен апамның баласы.- Әдемі екен белдігің,Кім сыйлаған шамасы?- Оны ағам әкелген!- Әй, білмеймін, Папа ма?- Ұят болад..
© Жәди Шәкенұлы
ШУАҚ
Аппақ таң арайлы,Алтын нұр төгеді.Оянды ұйқыдан,Даланың бөбегі.Күлімдеп жанары,Алтын күн қарады.Шомылды шуаққа,Адамзат аралы.
© Жәди Шәкенұлы
ҚОЙ
Қоңыр-қоңыр қойларым,Неге аласа бойларың.Кішілікпен күн көріп,Сабырлықты ойладың.Қабат-қабат тоның бар,Тоңбайтұғын жөнің бар.Таймайтұғын тұяғың,Тау..
© Жәди Шәкенұлы
СИЫР
«Сиыр-сиыр сиырды-ай,Сиыр мұрнын жиырды-ай.Су бойында сұрша қыз,Енді кімге бұйырды-ай».Осыны айтып шешеміз,Сиыр сауар неше күз.Өгізге артып..
© Жәди Шәкенұлы
ЖЫЛҚЫ
Қамбар ата өсірген,Өрге салса көсілген.Жел тұяқты пырағы,Алтын екен тұяғы.Ауыздығын шайнайды ,Айға шауып ойнайды.Көмбелерге жетеді,Бәйге алып..
© Жәди Шәкенұлы
ТҮЙЕ
Ойсыл Қара тұқымы,Айыр өркеш атаным.Жалпақ екен табаның,Қалың екен «шапаның».Ауыр-ауыр жүк артсам,Пілдей маң-маң басасың.Өзендерді кешесің,Асуларды..
© Жәди Шәкенұлы
МАЙ ШАПАЛАҚ
Бір нәрсені аңдамай,Алсам егер бүлдіріп.Ұялайды көңілге,«Япыр-ай» деп бір күдік.Қайталасаң қатеңді,Анам менің қатал-ақ.Сарт етеді бетіме,Қатты тиген..
© Жәди Шәкенұлы
АҚ БОРАН
Ақ боран-ау, ақ боран,Тереземді қағасың.Теңіз болып толқындап,Дәрия боп ағасың.Шынықтырып жатырсың,Қорқытам деп мені әр күн.Ағаш ексем жаз..
© Жәди Шәкенұлы
ЖЕТІ КҮН
Дүйсенбіде дүйім ел.Аттанады жұмысқа.Сейсенбіде сенім бар,Оқу оқып тырысса.Сәрсенбіміз сәтті күн,Сәлем берем көпке мен.Бейсенбіде «бес»..
© Жәди Шәкенұлы
ЖЕЗДЕ
Әпекемді ән еткен,Өмірінің сәні еткен.Жезде деген жігіт бар,Көп сыйлықты кәде еткен.
© Жәди Шәкенұлы
ҚАРЫНДАС
Қарлығаш пен қарындас,Екеуі де сүйкімді-ақ.Ән тербетіп сендермен,Отырамын күй тыңдап.
© Жәди Шәкенұлы
АҒА
Еркелесең ағаға жарасады,Аға – қормал, ініге қарасады.Аға деген алдыңда жол бастаушыңБиік пенен көрсеткен аласаны.
© Жәди Шәкенұлы
АНА ТІЛ
Ақ уызбен дарыған,Тірлігімнің қайнары.Ана тілі адамның,Ары менен айбары.Азат ұл боп үн қатып,Ана тіл боп жазылам.Тілім, дінім – ешқашанСатылмайтын..
© Жәди Шәкенұлы