meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
НАУРЫЗ
Наурыз келді, алақай,Бұлбұл құстар сайрады.Бұлақта су сыңғырап,Дала гүлдеп жайнады.Шопан атам қозысын,Қолтықтап ап келеді.Төлдің басын сыйлық..
©  Жәди Шәкенұлы
ОТАН
Кезім жоқ Отан десе шалқымаған,Болса екен жерім тыныш, халқым аман.Туған жер тал бесігім әлдилеген,Отаным – нәрін берген алтын анам.
©  Жәди Шәкенұлы
МЕКТЕП
Ана мектеп – ақ ұям,Таусылмайтын дәриям.Өнер, ғылым, білімнен.Бір өзіңнен нәр жиям.
©  Жәди Шәкенұлы
ЖАҢА ЖЫЛ
Аппақ қар даламыз,Той думан қаламыз.Жыл келді, алақай,Көп сыйлық аламыз.Сабақты жаттаймыз,Үмітті ақтаймыз.Келгенде жаңа жыл,Бір жасқа аттаймыз.Ел..
©  Жәди Шәкенұлы
ТӨРТ МАУСЫМ
«Көктем» келсе дала гүлдеп,Көгеретін шақ екен.Көп білімнің шуағынаБөленетін шақ екен.«Жаз» деген сөз – жасыл тірлікБой жазатын кез екен.Жазу жазып..
©  Жәди Шәкенұлы
МЕН ТАЛАПТЫ БАЛАМЫН
Арманым алда бар ұлы,Мен талапты баламын.Ащы терім арқылы,Тәтті жеміс аламын.Ерте тұрып орнымнан,Сабағымнан қалмаймын.Білім алу жолынан,Жалықпаймын..
©  Жәди Шәкенұлы
ЖЕТІ ЖАС
«Бір» жасымда білмеймін,Талпындым ба, күлдім бе.«Ата», «апа» деп былдырлап,Қаз-қаз басып жүрдім бе.«Екі» жасқа келгенде,Елеңдедім әр іске.«Үш»..
©  Жәди Шәкенұлы
БАҒАНЫҢ БАҒАСЫ
– «5» алсам не бересің?– Велесипед тебесің.– «4» боп қалсам нетесің?– Сабақ қарап өтесің.– «3» тік алсам егерде?– Шәкірт қылам шеберге.– Ал «2»-ні..
©  Жәди Шәкенұлы
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
Кісінеген құлын ба,Маңыраған лақ па?Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,Үн келеді құлаққа.Мөңіреген бұзау ма,Сыңғыраған бұлақ па?Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,Сыбырлайды..
©  Жәди Шәкенұлы
ОН ЕКІ МҮШЕЛ
Тышқан жылы туғандар,Тырбынады дән теріп.Сиыр жылы туғандар,Жүрер сүттей нәр беріп.Барыс жылы туғандар,Батыр болып жетілер.Қоян жылы..
©  Жәди Шәкенұлы
ЖАҚСЫ БАЛА БЕЛГІСІ
Аға көрсе иілген,Іні көрсе күйінген.Жақсы бала белгісі,Ұстаздары сүйінген.Сабақ көрсе жаттаған,Кірсіз киім сақтаған.Жақсы бала белгісі,Ата үмітін..
©  Жәди Шәкенұлы
СҰРАМШАҚ
«Ананы алсақ, мұны алсақ»,Деп бәріне құмартад.Мазалайтын апасын,Мазалайтын папасын,Оның аты «сұрамшақ».
©  Жәди Шәкенұлы
АСЫҚШЫҒА
Үйір болып ойынға,Үйіресің сақаңды.Жұмсағанда тіл алмай,Ренжітпе атаңды.Мерген бала атанған,Жақсы-ақ екен машығың.Ойын емес, өмірдеАлшы түссін асығың!
©  Жәди Шәкенұлы
БҰЗАУҚАНҒА
Бұзауқаным, мамаңдыСора-сора тауыспа.Сауыншы апа келгенде,Жайылып кел алысқа.Бізде шөлдеп мамаңды,Тез келер деп күткен ек.Мағанда айран, сүт..
©  Жәди Шәкенұлы
КӨБЕЛЕК
Көбелегім, көбелегім,Мен саған не беремін.Егерде бағбан болсам,Көп гүлді егер едім.Көбелегім, көп ойнама,Қыс келер абайла, алда!Ойын қуса дәл..
©  Жәди Шәкенұлы
ҚОЯН
Секең-секең ақ қоян,Саған не деп ат қоям.Сәбіз берем, шөп берем,Көжегіңді бақ қоян.
©  Жәди Шәкенұлы
ТЫРНАЛАР
Тырау-тырау, тырналар,Көк аспанға жыр жазар.Күз келгенде қоштасып,Бермейсіңдер бір хабар.
©  Жәди Шәкенұлы
ҚАРЛЫҒАШ
Ақ тамағың әдемі,Балшық үйің кәделі.Жолатпаймыз ұяңа,Жылан деген пәлені.
©  Жәди Шәкенұлы
ҚҰМЫРЫСҚА
Құмырысқа, құмырысқа,Бәрі қаптап жүр жұмыста.Еңбек етсең дәл осындай,Болмас сірә, ғұмыр қысқа!
©  Жәди Шәкенұлы
ТОРҒАЙ
Торғай, торғай, торғай құс,Мысық келді, ойбай, ұш!Қыс келгенде қайтесің,Тоңасың-ау, ой, байқұс!
©  Жәди Шәкенұлы
КӨГЕРШІН
Көгершінім, ақ құсым,Басқа қонар бақ құсым.Бейбіт күнді сүйетін,Бұл өмірге сақшысың.
©  Жәди Шәкенұлы
ҚАРҒА
Қарға, қарға, қарғалар,Күресінде жорғалар.Қоқыс көрсе қонып ап,Боран соқса қорғалар.
©  Жәди Шәкенұлы
САУЫСҚАН
Ала қанат сауысқан,Желмен бірге жарысқан.Өсек айтып секеңдеп,Жердің жүзін тауысқан.
©  Жәди Шәкенұлы
ТАСБАҚА
Ау, тасбақа, тасбақа,Шабансың-ау, шабансың.Тез жүрмесең саған сын,Оқымасам маған сын.
©  Жәди Шәкенұлы
МЫСЫҚ
Пыр-пыр мысық пыр мысық,Тырнақтары жүр қышып.Тал-теректің басына,Өрмелейді тырмысып.Тышқан көрсе қуады,Бірден-бірден қырады.Әбден тойып болған..
©  Жәди Шәкенұлы