1 маусым туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 72
Ақын өлеңдері жинағы: 15
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 65
Баталар жинағы: 13
Әңгімелер жинағы: 4
Шығармалар жинағы: 3

Мектебім менің
Мектебім менің асылым, Берер бізге білімін. Шәкірттерін жалғайтын, Жақсылардың үнімін. 
©  Соңғы қоңырау күні
Қайта айналып келгенше
Мектебім менің хош енді, Қайта айналып келгенше. Жаңа оқу жылында, Сәлемімді бергенше.
©  Соңғы қоңырау күні
Мектебім менің мектебім
Мектебім менің мектебім, Өзіңнен кетіп барамын. Соңғы қоңырау үні бұл, Айтуда бұл бал әнін.
©  Соңғы қоңырау күні
Қоңыраудың үні бұл
Жылдың соңы соғылар, Қоңыраудың үні бұл. Хош бол менің мектебім, Біз келгенше аман тұр.
©  Соңғы қоңырау күні
Бүгін соңғы қоңырау
Бүгін соңғы қоңырау, Соғылады қараңыз. Демалысқа жаздағы,Біздер шығып барамыз.Алғысымыз көп біздің, Көп рахмет мектебім. Жаңа оқу жылында, Қайта..
©  Соңғы қоңырау күні
Білім қайнар бұлағы
Білім қайнар бұлағы, Қанып ішер біздердің. Соңы келді жылдың бұл, Салып жаңа іздерін. Көріскенше мектебім, Жаңа оқу жылында. Рахмет саған мектебім..
©  Соңғы қоңырау күні
Жылдың соңы,  қоңырау
Жылдың соңы,  қоңырау, Үні естілер құлаққа. Демалыста алыстап, Кетпейміз біз жыраққа.
©  Соңғы қоңырау күні
Маусымның бұл ақ таңы
Маусымның бұл ақ таңы, Атты бүгін алғашқы. Балалардың күні бұл, Қуантатын жан-жақты. Құтты болсын балалар, Мерекең бұл бүгінгі. Асыр салып, қуанып..
©  Халықаралық балалар күні
Балалар-ау балалар
Балалар-ау балалар, Құтты болсын мерекең. Қуаныштан шаттанып, Арта берсін берекең.
©  Халықаралық балалар күні
Балалардың күнімен
Құттықтаймын сендерді, Балалардың күнімен. Қуаныңдар, шаттанып, Күлкі кетпей жүзіңнен.
©  Халықаралық балалар күні
Болмасыншы қайғы-мұң
Болмасыншы қайғы-мұң, Би билейік ән салып.Мерекені тойлайық,Бар әлемге жар салып.
©  Халықаралық балалар күні
Мерекені тойлайық
Бүгін шаттық мереке, Кел балалар тойлайық. Қол ұстасып біз бірге, Асыр салып ойнайық.
©  Халықаралық балалар күні
Баламыз біз тәттіміз
Баламыз біз тәттіміз, Әсем әнге салатын. Бақыттымыз бәріміз, Күннен қуат алатын.
©  Халықаралық балалар күні
Сендерсіңдер еліміздің ертеңі
Сендерсіңдер еліміздің ертеңі, Балдай тәтті балапандар балалар. Мейрамдарың құтты болсын бүгінгі, Сыйлық алып, түрлі ойынды аралар.
©  Халықаралық балалар күні
1 маусым мереке
Құтты болсын балалар, Бірінші маусым мереке. Ойнап-күліп шаттанып, Арта берсін береке.
©  Халықаралық балалар күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Бүгін міне кеп жеткен. Аман болсын балалар, Жанымызды тербеткен.
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз жаны бір
Балалармыз жаны бір, Балалармыз әні бір. Мерекенің кезінде, Қуанатын бәрі бір.
©  Халықаралық балалар күні
Бақыттымыз расында
Бақыттымыз расында, Ата-ананың қасында. Мерекені тойлаймыз, Биді билеп осында.
©  Халықаралық балалар күні
Баламыз біз әдемі
Баламыз біз әдемі, Бойында бар әдебі. Мерекеде жанданар, Баламыз жан әлемі...
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз бақытты
Балалармыз бақытты, Жүзіміз бал-бұл жанатын. Ата-ананың алдында, Қағатын қос қанатын.
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз
Балалармыз, баламыз, Жұлдыздай боп жанамыз. Балалардың күнінде, Көп сыйлықтар аламыз.
©  Халықаралық балалар күні
Баламыз
Баламыз біз баламыз, Әсем әнге саламыз. Балалардың күнінде, Мерекеге барамыз...
©  Халықаралық балалар күні