1 қыркүйек туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 86
Ақын өлеңдері жинағы: 6
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 50
Шығармалар жинағы: 4
Эсселер жинағы: 4

Білім күні келіп тұр
Білім күні келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр. Оқушы мен ұстазға, Бар жақсысын теріп тұр.
©  Білім күні
Білім күні құтты болсын
Бірінші бүгін қыркүйек, Құтты болсын баршаға. Білім күні оу достар, Би билейік, ән сала.
©  Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күнін өткеріп, Біз мектепке барамыз. Сабақ оқып бестікке, Шамнан шырақ жағамыз.
©  Білім күні
1 қыркүйек
Бірінші бұл қыркүйек, Білім күні жарандар. Құтты болсын бүгінгі, Басқан әрбір қадамдар.
©  Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күні гүл алып, Біз мектепке барамыз. Ұстазмен қауышып, Әсем әнге саламыз.
©  Білім күні
Білім күні бүгінгі
Білім күні бүгінгі, Қуанышын әкелсін. Бар оқушы мектепте, Білімді боп тербелсін.
©  Білім күні
Білім күні
Білім күні бүгінгі, Құтты болсын достарым. Білімді боп баршаңыз, Ашық болсын аспаның.
©  Білім күні
Білім күні
Әлемдегі барша жұрт,Бас иеді білімге.Білім күнін қарсы алып,Қыркүйектің бірінде.Білім күні, біл мұны –Ойға сәуле шашады.Баршамызға бұл күні,Мектеп..
©  Алмат Исәділ
Алғашқы қоңырау
Құс шарлап аспанды,Күз айы басталды.Бірінші қоңырауОқуды бастады.Алақай, келіңдер:Класқа еніңдер.Балалық өмірдіңБақытын көріңдер!
©  Әдібай Табылды
Мектеп
Сағынышпен табыстық,Мектепке кеп міне,біз.Болсын елде тыныштық,Бейбіт күнді сүйеміз.
Қоңырау
Қоңыраудың үнінде,Бір құдірет бары анық.Тұрмыз күтіп бүгінде,Сол дауысты қуанып.
Оқу жылы
Қайырлы күн, құт қадам,Құтты болсын баршаңа.Сәтті болсын аттаған,Оқу жылы – бұл жаңа.
Алғашқы қоңырау
Жанарында мейірім,Ұстаздардың бәрінің.Танытады пейілін,Күлкі көміп миығын.
Алғашқы қоңырау
Ол да бізді күтеді,Айқара ашып есігін.Дүрсілдейді жүрегі,Бар баланың осы күн.
Алғашқы қоңырау
Жаз қызығы телегей,Мүмкін емес тауысу.Сәті туды мінекей,Мектебіммен қауышу.
1 қыркүйек - салтанатты мерекемен
Шайдай ашық бейбіт күннің аспаныАуламыздың келісіп тұр бар сәні1 - қыркүйек - салтанатты мерекеменҚұттықтайды меңгеруші баршаны!
Егемен
Егемен елдің төсінде,Шуағын шашқан арай күнАзамат болып өсемізҚызыға әлем қарайтын.
Құтты болсын білім күні
Бүкіл елде басталып бүгін жырыБақ қоңырау шақырар ұғымдынБілім - ғылым бастауы мерекеліҚұтты болсын бүгінгі білім күні
Балабақша
Балабақша базарлы үйАуылдағы ажарлы үйКүлкісі бар шуақтыӨз үйіміз сияқтыҮйреттеді мектепте.
Баламыз
Риза етіп баршаныӘсем әнге саламызТаудан биік талабыБіз - сүйікті баламыз.
Кел досым бақшаға
Кел - кел досым бақшағаЕстимісің үнімдіСауат ашып тіл дамытыпҮйренейік білімді.
Қазақстан
Бақытты боп жүргенімСенің арқаң ҚазақстанЕлім менің тірегімҚұшағыңда гүл ашам.
Отаным
Қуат алған өзіненТуған елдің ұлымынБақытты етіп өсіргенОтанымның ұлымын.
Отан
Отан ыстық ұямызЖүректе орын тұрадыОтан маған пәк анаМен Отанның ұланы.
Шақырады біздерді
Берекесін сыйлауғаӨлкемізге күз келдіЖемістерін жинауғаШақырады біздерді