meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Бүгін шаттық мереке
Бүгін шаттық мереке, Достастығы халықтың. Мерекесін тойлайық, Халық дейтін алыптың.
©  Бірлік күні
Бірлік күні осы күн
Бірлік күні осы күн, Шырқалатын ән жыры. Күлім қағып шығатын, Жымың қағып таң нұры.
©  Бірлік күні
Ән саламыз жырлатып
Бірлік күні,  ынтымақ, Ән саламыз жырлатып. Сыйластықта түрлі ұлттар, Жүрер бәрі үн қатып.
©  Бірлік күні
Бірлік күні қараңыз
Бірлік күні қараңыз, Ынтымаққа бастайтын. Бірлік күніч ынтымақ, Араздыққа баспайтын.
©  Бірлік күні
Тәтем
Тәтем менің-мақтанышым, Тәтем менің-қорғанышым. Үлексің менен,  сыйлаймын, Қырдан гүлді жинаймын. 
Ғарышкерлер жырымыз
Әнге қосып айтатын, Ғарышкерлер үніміз. Өлең етіп жазатын, Ғарышкерлер жырымыз.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күнінде
Ғарышкерлер күнінде, Әнді айтайық, билейік. Ғарышкерді құрметтеп, Мақтан етіп жүрейік.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні бұл
Бүгін шаттық, мереке, Ғарышкерлер күні бұл. Құтты болсын баршаға, Келіп жеткен ұлы күн.
©  Ғарышкерлер күні
Құтты болсын, мерекең
Ғарышқа ұшқан ағалар, Құтты болсын мерекең. Дендеріңіз сау болып, Арта берсін берекең.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер жасасын
Ғарышқа ұшқан ғажайып, Ғарышкерлер жасасын. Қабыл етсін Жаратқан, Қариялар батасын.
©  Ғарышкерлер күні
Айдыны ол қазақтың
Үшінші ол Ғарышкер, Ғарышқа ұшып ерлеген. Айдыны ол қазақтың, Жақсы ісімен тербеген.
©  Ғарышкерлер күні
Талғат елдің мақтаны
Талғат елдің мақтаны, Екінші ұшқан Ғарышқа. Талғат рекорд орнатты, Үш рет ұшып Ғарышта.
©  Ғарышкерлер күні
Тоқтар біздің Ғарышкер
Ғарышқа ұшқан ең алғаш, Тоқтар біздің Ғарышкер. Бір апта боп ғарышта, Зерттеу еткен намысты ер.
©  Ғарышкерлер күні
Он екінші сәуірде
Он екінші сәуірде келетін бұл, Ғарышкерлер күні бұл құтты болсын! Жасай берші Ғарышкері қазағымның, Денің сау боп, үйіңе ырыс толсын!
©  Ғарышкерлер күні
Құтты болсын мереке
Он екінші сәуірде тойланатын, Құтты болсын мереке келіп жеткен. Ғарышкерлер күні ол ерекше күн, Ғарышқа ұшшан Ғарышкер терін төккен.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышқа ұшар Ғарышкер
Ғарышқа ұшар Ғарышкер, Тоқтар,  Талғат,  Айдын ол. Еліміздің мақтаны, Салған олар дара жол.
©  Ғарышкерлер күні
Мақтанышы елімнің
Мақтанышы елімнің, Ғарышкерлер айбынды. Мен де солай боламын, Мерейі асқақ,  айбыны.
©  Ғарышкерлер күні
Жауынгердей мықтылар
Сапар шеккен ғарышқа, Тоқтар,  Талғат, Айдыным.Жауынгердей мықтылар,Ойлар елдің жайлығын.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер қазақтың
Ғарышкерлер қазақтың, Тоқтар, Талғат, Айдыным. Сапар шеккен ғарышқа, Асқақ етіп айбынын.
©  Ғарышкерлер күні
Мен де батыр баламын
Ғарышқа ұшар аттанып, Мен де батыр баламын. Тоқтар,  Талғат, Айдындай, Ғарышкер мен боламын.
©  Ғарышкерлер күні
Мен ғарышкер боламын
Тоқтар,  Талғат ағадай, Мен Ғарышкер боламын. Ғарышқа ұшып Айдындай, Қанат жайып қонамын.
©  Ғарышкерлер күні
Ғарышкерді білеміз
Ғарышқа ұшқан қазақтан, Ғарышкерді білеміз. Тоқтар,  Талғат,  Айдын деп, Айтып,  мақтап жүреміз
©  Ғарышкерлер күні
Тоқтар аға ғарышкер
Тоқтар аға ғарышкер, Батылдығы бір бөлек. Елден ұшқан ең алғаш, Көш бастайтын ер бөлек.
©  Ғарышкерлер күні
Бір ерекше жан олар
Ғарышқа ұшқан тайсалмай, Бір ерекше жан олар. Батылдығы келіскен, Жүрек жұтқан мықтылар.
©  Ғарышкерлер күні
Мақтанышы қазақтың
Сапар шеккен ғарышқа, Мақтанышы қазақтың. Тоқтар, Талғат,  Айдыным, Үштік ұлы қазақтың.
©  Ғарышкерлер күні