Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
7 мамыр мереке құтты болсын
Отан қорғар ағалар ел мақтаны, Құтты болсын мерекең келіп жеткен. Мамырдың бұл жетісі құтты болсын, Күн көп болып ағалар күлімдеткен.
© Отан қорғаушылар күні
Отан қорғар ағалар құтты болсын
Отан қорғар ағалар құтты болсын, Мамырдың бұл жетісі мерекеңіз. Істеріңіз оңды боп, ден сау болып, Арта берсін ағалар берекеңіз.
© Отан қорғаушылар күні
7 мамыр мереке
Сағынатын, іздейтін, Ағаларым құрметті. Құтты болсын мерекеңАғаларым жүректі.
© Отан қорғаушылар күні
Жарқырасын жұлдызың
Отан қорғаушы ағалар, Құтты болсын мерекең. Амандықта, саулықта, Күндер көп боп тербеткен.
© Отан қорғаушылар күні
Денсаулығың мықты боп
Отан қорғаушы күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Жетелейтін әрдайым, Алға қарай біздерді.
© Отан қорғаушылар күні
Мерекеңмен кеп жеткен
Айбыны асқақ ағалар, Мерекеңмен кеп жеткен. Отан қорғаушы күні бұл, Айналаны тербеткен.
© Отан қорғаушылар күні
Елді қорғар ағалар
Істеріңіз оң болсын, Елді қорғар ағалар. Жан көп болсын патриот, Істеріңді бағалар.
© Отан қорғаушылар күні
Қанаттарың талмасын
Ағаларым айбындыҚанаттарың талмасын. Қызметтерің сәтті боп, Таба берсін жалғасын.
© Отан қорғаушылар күні
Құтты болсын мерекең
Құтты болсын мерекең, Ағаларым жүректі Денің сау боп әрдайым, Аман болшы тілерім.
© Отан қорғаушылар күні
Сіздер елдің қорғаны
Тыныштықты сақтайтын, Сіздер елдің қорғаны. Отан қорғар ағалар, Аман болсаң болғаны...
© Отан қорғаушылар күні
Алға бастар жігіттер
Ел тынышын сақтап бұл, Алға бастар жігіттер. Ағаларым айбынды, Батыл жүрек, білікті ер.
© Отан қорғаушылар күні
Отан қорғаушы күнінде
Отан қорғаушы күнінде, Өлең айтып берейін. Ағаларды құрметтеп, Соңдарынан ерейін.
© Отан қорғаушылар күні
Сіздер елдің бағысыз
Отан қорғар жігіттер,Сіздер елдің бағысыз. Тыныштығын сақтайтын, Сіздер елдің жанысыз.
© Отан қорғаушылар күні
Ағаларым жүректі
Ағаларым жүректі, Елді қорғап жүретін. Қорғап елді жанымен, Ел қадірін білетін.
© Отан қорғаушылар күні
Ағаларым айбынды
Ағаларым айбынды, Ел үшін қызмет ететін. Тыныштықты арқау қып, Мақсатына жететін.
© Отан қорғаушылар күні
Отанымыз Қазақстан
Отанымыз Қазақстан, Ұлан байтақ жеріміз. Отан қорғар ағалар, Нағыз батыл, серіміз.
© Отан қорғаушылар күні
Сіздер барда ағалар
Тыныш біздің еліміз, Сіздер барда ағалар. Отан қорғар жігіттер, Батыл жүрек саналар.
© Отан қорғаушылар күні
Отанымыз, еліміз
Отан қорғар жігіттер, Ағаларым ардақты. Отан үшін от басып, Қызмет етер жан-жақты.
© Отан қорғаушылар күні
Ағаларға мың алғыс
Елді қорғап жүретін, Ағаларға мың алғыс. Елін сүйер қашанда, Біз де сіздей боламыз.
© Отан қорғаушылар күні
Ел мақтаны ағалар
Отан қорғар жігіттер, Ел мақтаны, жүрегі. Ағаларым айбынды, Қорғаны елдің, тірегі.
© Отан қорғаушылар күні
Ағаларым айбынды
Отан қорғар қуатты, Ағаларым айбынды. Тыным таппай іс жасар, Есептемей ай, күнді.
© Отан қорғаушылар күні
Отанымыз, еліміз
Отанымыз, еліміз, Кең байтақ, ну жеріміз. Ағалар бар ел қорғар, Кетпесін деп теңіміз. Сіздердей біз боламыз, Ағаларым сеніңіз. Құтты болсын мерекең..
© Отан қорғаушылар күні
Отан қорғар ағалар
Отан қорғар ағалар, Батыл мінез, жүректі. Амандықта болшы деп, Арнаймыз біз тілекті.
© Отан қорғаушылар күні
Біз бақытты баламыз
Біз бақытты баламыз, Жұлдыздайын жанамыз. Отан қорғар жүректі, Ағалардай боламыз.
© Отан қорғаушылар күні
Бірлік күні орнасын
Бірлік күні орнасын, Тілейік деп ғажайып. Ынтымақ пен бірлігі, Қалмасын деп азайып.
© Бірлік күні