Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жеңіс күні, Жеңіс деп
Жеңіс күні Жеңіс деп, Ұрандаймыз бұл күнді. Аталарды еске алып Ұмытпаймыз бұл күнді.
© Жеңіс күні
Жеңіс күні Ұлы күн
Жеткен сол кез жеңіске, Аталарым жүректі. Жеңіс күні Ұлы күн, Жаудыратын тілекті.
© Жеңіс күні
Аталарым ардақты
Жеткен сол кез жеңіске, Аталарым ардақты. Отан үшін от басқан, Аталарым салмақты
© Жеңіс күні
Жеңіс күні құтты болсын
Тоғызыншы мамырда, Есік ашар Жеңіс күн. Жеңіс күні кеп жеткен, Берген ғажап жепісті үн.
© Жеңіс күні
Ардагерлер ардақты
Ардагерлер ардақты, Жеңіс күнін әкелген. Қан майданда шайқасып, Жан алысып, жан берген.
© Жеңіс күні
Батыр жүрек аталар
Батыр жүрек аталар, Әр жүректе сақталар. Ерліктері олардың, Санамызда жатталар.
© Жеңіс күні
Жеңіс күні мереке
Жеңіс күні мереке, Қуанышқа бастайтын. Жеңіс күні, жеміс күн, Бар шаттығын растайтын.
© Жеңіс күні
Көңіліміз жай біздің
Батыл жүрек аталар, Отан үшін от басқан. Үңілсек біз тарихқа,Таусылмайтын мол дастан.
© Жеңіс күні
Айтқан тілді аламыз.
Айтқан тілді аламыз, Алау оттай жанамыз. Жеңіс күні мәңгілік, Сыйлы етер бағамыз.
© Жеңіс күні
Бауыржандай қайратты
Бауыржандай қайратты, Аталардың ізіміз. Әлия, Мәншүк апаның, Жарқын бейне жүзіміз.
© Жеңіс күні
Біз бақытты баламыз,
Бейбіт күнде туылған, Біз бақытты баламыз. Жеңіс күнін тойлайық, Алыстамай арамыз.
© Жеңіс күні
Әлия мен Мәншүгім
Әлия мен Мәншүгім, Батыр қызы қазақтың. Ынтымақ пен бірлікте, Атқан таң бұл ғажап күн.
© Жеңіс күні
Ұлы Жеңіс күнінде
Ұлы жеңіс күнінде, Қуаныштар көп болған. Соғыс бітіп бар жерде, Уайымдары жоқ болғап.
© Жеңіс күні
Батырлары қазақтың
Жеңіс үшін шайқасқан, Батырлары қазақтың. Жан алып, жан беріскен, Аңсап Жеңіс — ғажап күн.
© Жеңіс күні
Аталардың арқасы
Жеңіс әні шырқалса, Аталардың арқасы. Ардагерлер, аталар, Мықты жандар, ең жақсы.
© Жеңіс күні
Жеңіс күнін аңсаған
Әлиядай, Мәншүктей, Батылдары қазақтың. Жеңіс күнін аңсаған, Болсыншы деп ғажап күн.
© Жеңіс күні
Бауыржандай атамыз
Елге жеңіс әкелген, Бауыржандай атамыз. Атамызды еске алып, Жүрекпен үн қатамыз.
© Жеңіс күні
Аталардың жеңісі
Жеңіс күні айтылар, Аталардың жеңісі. Майдандағы айтылар, Батыл жүрек ер ісі.
© Жеңіс күні
Жеңіс күні Ұлы күн
Жеңіс күні Ұлы күн, Қуанышын сыйлаған. Бар әлемнің шаттығын, Бір ортаға жинаған.
© Жеңіс күні
Күлім қақсын жүздерің
Мерейі асқақ ағалар, Арта берсін берекең. Келіп жеткен бүгінгі, Құтты болсын мерекең
© Отан қорғаушылар күні
Болмасыншы қайғы-мұң
Отан қорғар ағалар, Болмасыншы қайғы-мұң. Ел тынышы сақталсын, Күлім қағып ай, күнің.
© Отан қорғаушылар күні
Бақытты бол ағалар
Отан қорғар ағалар, Құтты болсын мерекең. Бақытты бол ағалар. Артып әр күн берекең.
© Отан қорғаушылар күні
Бар жақсылық орнасын
Ағаларым айбынды, Құттықтаймын сіздерді. Жадырасын жаныңыз, Қорғаушылар ізгі елді.
© Отан қорғаушылар күні
Отан қорғаушы күнімен
Құттықтаймын ағалар, Отан қорғаушы күнімен. Жадырасын жаныңыз, Шаттық кетпей жүзіңнен.
© Отан қорғаушылар күні
Абыройың асқақтап
Құтты болсын ағалар, Мерекеңіз бүгінгі. Абыройың асқақтап, Сәтті өткіз әр күніңді.
© Отан қорғаушылар күні