Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Көріскенше қайтадан
Хош бол менің мектебім, Көріскенше қайтадан. Сағыныштан сен жайлы, Тебіреніп айтам ән.
© Қоштасу тақпақтары
Мектебім сен мектебім
Білім берер біздерге, Мектебім сен мектебім. Хош бол, үш ай өткен соң, Қайта өзіңе жетемін.
© Қоштасу тақпақтары
Мектебімсің керемет
Білімімен қандыратын шөлімді, Мектебімсің керемет, ғажайып бір. Хош бол деймін, қайта айналып келгенше, Жаңа оқу жылында сен күтіп тұр.
© Қоштасу тақпақтары
Мектептегі күндерім
Хош бол менің мектебім, Мектептегі күндерім. Айтам саған мың алғыс, Берген нұрлы күндерін.
© Қоштасу тақпақтары
Мектебімдей жер бар ма
Берер бізге білімін, Мектебімдей жер бар ма? Хош бол менің мектебім, Шығаратын заңғарға.
© Қоштасу тақпақтары
Мектебім бұл қараңыз
Білім беріп, үйретер, Мектебім бұл қараңыз. Хош бол менің мектебім, Қимай кетіп барамыз. Үш айдан соң келеміз, Алыстамай арамыз.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол менің достарым
Хош бол менің мектебім, Жетті соңы көктемнің. Хош бол менің ұстазым, Рахметім көп менің. Хош бол менің достарым, Сағынатын мектебін.
© Қоштасу тақпақтары
Мектебімсің ең керек
Білім беріп, оқытар, Мектебімсің ең керек. Хош бол менің мектебім, Ілім берер тербелеп. Үш айдан соң өзіңе, Келем қайта еркелеп.
© Қоштасу тақпақтары
Тоғыз ай бізді оқытқан
Хош бол менің мектебім, Тоғыз ай бізді оқытқан. Ұстаздарым аман бол, Шуақты боп атып таң.
© Қоштасу тақпақтары
Қайта айналып келемін
Хош болып тұр мектебім, Қайта айналып келемін. Жаңа оқу жылында, Жаңаша сәлем беремін.
© Қоштасу тақпақтары
Келіп қалды жыл соңы
Хош бол менің мектебім, Жылдың соңы кеп қалды. Сағынатын боламын, Мектептегі шақтарды.
© Қоштасу тақпақтары
Алтын ұям, мектебім
Алтын ұям, мектебім, Білім берген біздерге. Хош бол қайта келгенше, Ұстаздарым сіздерге.
© Қоштасу тақпақтары
Жаңа оқу жылында
Хош бол білім ордасы, Қайта айналып келгенше. Жаңа оқу жылында, Қуанышпен енгенше.
© Қоштасу тақпақтары
Өзіңмен өтті бір жылым
Хош бол менің мектебім, Өзіңмен өтті бір жылым. Ұстаздарға мың алғыс, Бізге арнаған бұл жылын.
© Қоштасу тақпақтары
Жылдың соңы кеп қалды
Хош болып тұр мектебім, Жылдың соңы кеп қалды. Үш айдан соң келемін, Жалғап балғын шақтарды.
© Қоштасу тақпақтары
Ұстаздарға мың алғыс
Берген үздік білімін, Ұстаздарға мың алғыс. Оқу білім бұлағы, Мектебіме мың алғыс.
© Қоштасу тақпақтары
Мұғалімге мың алғыс
Мектебіме мың алғыс, Ордасы ол білімнің. Мұғалімге мың алғыс, Берген бізге ілімін.
© Қоштасу тақпақтары
Мектебім менің класым
Мектебім менің, класым, Бізді бірден ұғасың. Жылдың соңы, демалыс, Көңілде сен тұрасың.
© Қоштасу тақпақтары
Мектептегі күндерім
Қандай ғажап, керемет, Мектептегі күндерім. Жылдың соңы демалыс, Сыйлар жазғы күндерін. Хош бол менің мектебім, Жайқалған шым, гүлдерім. Жаңа оқу..
© Қоштасу тақпақтары
Қимай сені барамын
Хош бол менің мектебім, Қимай сені барамын. Жаңа оқу жылында, Қайта осында боламын.
© Қоштасу тақпақтары
Мектебім менің мектебім
Бітті міне оқу жыл, Жылдың соңы, көктемім. Хош бол, қайта келгенше, Мектебім менің мектебім.
© Қоштасу тақпақтары
Рахмет саған мектебім
Жылдың соңы, хоштасу, Мектебім саған рахмет. Жаңа оқу жылында, Келем қайта мен іздеп.
© Қоштасу тақпақтары
Қайта айналып келгенше
Хош бол менің мектебім, Қайта айналып келгенше. Жаңа оқу жылында, Сәлемімді бергенше.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол менің мектебім
Күз, қыс, өтіп мінеки, Келді соңы көктемім. Сағынышпен оралам, Хош бол менің мектебім.
© Қоштасу тақпақтары