Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Саған ешкім жетпейді
Балабақшам қимаймын, Саған ешкім жетпейді. Сенде өткен күндерім, Есімнен еш кетпейді.
© Қоштасу тақпақтары
Ұмытпаймыз күндерді
Балабақшам жүрегім, Есте сақтап жүремін. Ұмытпаймыз күндерді, Сенде өткізген, білемін.
© Қоштасу тақпақтары
Бал күндерім бақшам бал
Хош бол деймін өзіңе, Бал күндерім, бақшам бал. Тәрбиеші апайлар, Шуақ шашсын атқан таң.
© Қоштасу тақпақтары
Балабақшам қимаймын
Балабақшам қимаймын, Сенде өткізген күндерді. Хоштасамын бақшаммен, Қадам басып ілгері.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол деймін бал бақшам
Хош бол деймін бал бақшам, Алға басып адымдап, Тәрбиеші апайлар, Аман жүрші жалындап.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол Балабақшам сен
Хош бол Балабақшам сен, Балдай тәтті күндерім. Тәрбиеші апайлар, Бал-бұл жансын жүздерің.
© Қоштасу тақпақтары
Хоштасамын өзіңмен
Балабақшам киелім, Хоштасамын өзіңмен. Алға қадам басамын, Ерекше бір сезіммен.
© Қоштасу тақпақтары
Балабақшам әдемі
Хош бол деймін өзіңе, Балабақшам әдемі. Қадам басам мектепке, Хош бол бақша әлемі...
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол бақшам, жүрегім
Хош бол бақшам, жүрегім, Сенде өсіп, түледім. Бақшамның бұл қайтадан, Келмейтінін білемін.
© Қоштасу тақпақтары
Балабақшам, балдай бұл
Хоштасып бал бақшаммен, Қимай кетіп барамын. Балабақшам балдай бұл, Жүректесің, бағалым.
© Қоштасу тақпақтары
Балабақшам бұл менің
Балабақшам бұл менің, Тәтті күнін сыйлаған. Апайларым біздерге, Бар жақсысын жинаған. Хош бол тәтті күндерім, Кетем қалай, білмедім. Апайларым аман..
© Қоштасу тақпақтары
Бал күндерім бақшамда
Мен де кетіп барамын, Ашып өмір парағын. Бал күндерім бақшамда, Қалды, қимай қарадым.
© Қоштасу тақпақтары
Шаттығы көп бал күндер
Хош бол бала бақшам сол, Қимай сені барамын. Шаттығы көп бал күндер, Сендерге ұзақ қарадым.
© Қоштасу тақпақтары
Тәтті күндер тізбегі
Хош бол менің бал бақшам, Тәтті күндер тізбегім Апайларым аман бол, Күлім қағып жүздерің.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол жайлы мекенім
Хош бол жайлы мекенім, Ойнататын, билетер. Балабақшам, шырайлым, Бар жақсысын үйретер.
© Қоштасу тақпақтары
Мен де кетіп барамын
Бала бақша мекенім, Хоштасамын өзіңмен. Мен де кетіп барамын, Қимастық бар сезіммен.
© Қоштасу тақпақтары
Бала бақшам мекенім
Ән айтқызып, билетер, Бала бақшам мекенім. Хош бол, қимай барамын, Балдай бақша, мекенін.
© Қоштасу тақпақтары
Хош бол менің бал бақшам
Хош бол менің бал бақшам, Тәтті өткен күндерім. Апайларым болады, Есте жарқын жүздерің.
© Қоштасу тақпақтары
Бақшадағы күндерді
Бақшалағы күндерді, Есімізде сақтаймыз. Апайлардың үмітін, Біз, балалар ақтаймыз.
© Қоштасу тақпақтары
Мектептегі күндерім
Қандай ғажап, керемет, Бұрын мұны білмедім. Хош бол, келем қайтадан, Мектептегі күндерім.
© Қоштасу тақпақтары
Білім берер айдыным
Бір өзіңсің мектебім, Білім берер айдыным. Хош бол, кетіп барамын, Мектебім сен, байлығым!
© Қоштасу тақпақтары
Қимай кетіп барамын
Алда жазғы демалыс, Қимай кетіп барамын. Хош бол менің мектебім, Ораламын жаңа күн.
© Қоштасу тақпақтары
Келем тағы, тағы да
Хоштасқанмен өзіңмен, Келем тағы, тағы да. Хош бол менің мектебім, Ораламын сағына...
© Қоштасу тақпақтары
Оқу жылдың соңында
Білім берер мектебім, Қуанамын барыңа. Хош бол менің мектебім, Келем саған тағы да.
© Қоштасу тақпақтары
Келді соңы мамырдың
Келді соңы мамырдың, Соңы болып көктемім. Қыркүйекте келгенше, Хош бол менің мектебім.
© Қоштасу тақпақтары