Наурыз туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️
Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 16
Жұмбақтар жинағы: 2
Балаларға арналған тақпақтар: 52
Ақын өлеңдері жинағы: 106
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 15
Баталар жинағы: 4
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 9
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 10
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 4
Сегізінші наурыз
Сегізінші наурыздаҚызмет етіп бар қызға,Гүл ұсынып, жайнатып,Шаттық күйін ойнатып,Мерекені қарсы алып,Би билейміз, ән салып.
© Ертай Ашықбаев
Қош келдің, жаңа күн!
Сәні боп даламның,Әні боп ғаламның,Қарттың да, баланың,Тойы боп ананың.Қош келдің, наурыз той:Жаңа жыл – жаңа күн!
© Ертай Ашықбаев
Наурыз айы
Ау, жараңдар, келіндер!Той қызығын көріңдер!Наурыз айға бас иіп,Күнге сәлем беріңдер!
Менің атым Наурыз
Жақсы ма, ата, қалыңыз?-Менің атым Наурыз,Балдай тәтті сарыуызАлып келдім-Алыңыз!
Наурыз келді
Наурыз келді - жыл келдіТірілтуге гүлдерді.Сәнденеді аналарСәбилермен бірге енді.Наурыз келді, нұр келді,Түгел аймақ түрленді.Бақшадағы апайларТойға..
Наурыз тойы
Наурыз тойы - елдің тойы,Көктем тойы - төлдің тойы.Ән айтатын күні бойыЖақсы көрем Наурыз тойын!
Наурыз келді
Наурыз келді алақай,Кел билейік балақай,Бізде қарап тұрмайық,Тойға шашу шашайық!ля-ля-ля-лятойға шашу шашайық!Той думанға келіңіз,Тамашалап..
Наурыз самал
Наурыз самал, наурыз таң,Қалың орман ұйқысынан оянған.Сағынышпен қауыштырған жұптарды,Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.
Наурыз дала
Наурыз дала, наурыз гүл,Тентек сезім, үнсіз тіл.Ақ қайыңның аясында айқасқан,Балуан білек, қыпша бел.
Наурыз көктем
Наурыз көктем, наурыз жыр,Ана мейрім, шуақ нұр.Жан иесін жаңартқан,Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Наурыз келдi
Наурыз келдi елiме,Наурыз келдi жерiме.Байлык, бакыт тiлеймiн,Букiл казак елiне.
Наурыз тойы
Наурыз тойы — салтанат,Наурыз тойы — мархабат.Әр жүректен ән тарап,Шаттанады шартарап.
Наурыз тойы
Наурыз тойы — тамаша,Наурыз тойы — жаңаша.Табиғат та тамаша,Тамылжып тұр жараса.
Құтты болсын, Наурыз!
Қыс өтіп, қар кетіп,Шырайлы жаз жетіп,Шаруаның кенелгенМейрамы ежелден –Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз тойым
Наурыз тойым, Наурыз тойым.Құтты болсың халайық!Қане, достар, қане, достар,Шырқап әнге салайық.