Ұстаз туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 19
Жұмбақтар жинағы: 5
Балаларға арналған тақпақтар: 88
Ақын өлеңдері жинағы: 165
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 51
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 40
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 50
Шығармалар жинағы: 21
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 47

Жылдың соңы
Соңы келді мамырдың, Ұстаздарым аман бол. Көп рахмет сіздерге, Берген бізге білім мол.
©  Қоштасу тақпақтары
Ұстаздарым аман бол
Ұстаздарым аман бол, Білім берген біздерге. Жаңа оқу жылында, Қайта келем сіздерге.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош болыңыз Ұстазым
Хош болыңыз Ұстазым, Жылдың соңы қалды кеп. Көп рахмет сіздерге, Білім берген күлімдеп.
©  Қоштасу тақпақтары
Келді жылдың соңы бұл
Келді жылдың соңы бұл, Қоштасамыз бәріміз. Ұстаздарым аман бол, Арайлы атсын таңыңыз.
©  Қоштасу тақпақтары
Жылдың соңы қараңыз
Келді міне жыл соңы, Қоштасамыз,  қараңыз. Ұстаздарға рахмет, Айтады бұл балаңыз.
©  Қоштасу тақпақтары
Жылдың соңы кеп қалды
Жылдың соңы кеп қалды, Хош болыңыз ұстазым. Жаңа оқу жылында, Көріскенше ұстазым.
©  Қоштасу тақпақтары
Ұстазыма алғыс
Ұстазым деп мақтанамын өмірде,Ұстазым мен шаттанамын бүгін де.Алғыс айтам басымды иіп кәзір де,Ақ дидарлы ұстазымның бәріне
Ұстазға алғыс!
 5 «А» сынып оқушысыБағым жанып, батылмен бел асқаныма.Төзіндіріп өмірдің талаптарынаНиеттеген арманның ең асқағына.Арқасында ұстаздың даналар..
©  Алғыс айту күні
Ұстаз
Ақылын тыңдадым,Сөзін де бөлмедім.Еңбегін жырладым,Ұстазым ол менің.Мол білім —ұққаным,Үлгілі іс —көргенім.Қасынан шықпадым,Ұстазым ол менің.Көзәйнек..
©  Ертай Ашықбаев
Ұстазым менің аяулым
Ұстазым менің аяулым, Құтты болсын мерекең. Мерекеде шаттана, Арта берсін берекең.
©  Ұстаздар күні
Амандықты тілеймін
Ұстаздарым сіздерге, Амандықты тілеймін. Құтты болсын мерекең, Шын жүрекпен үндеймін.
©  Ұстаздар күні
Күлім қағып жүздерің
Шаттаныңдар, қуанып, Күлім қағып жүздерің. Бақыт сыйлап мереке, Жарқырасын күздерің.
©  Ұстаздар күні
Қуаныштар орнасын
Ұстаздардың күнінде, Қуаныштар орнасын. Әр жыл сайын мереке, Таба берсін жалғасын.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын тілеймін
Ұстаздардың күні бұл, Құтты болсын тілеймін. Саулықтарың мықты боп, Амандықта жүр деймін.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен бүгінгі
Мерекеңмен бүгінгі, Ұстаздарым, шырайлым. Жұлдыздарың жымыңдап, Жарқырасын күн, айың.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздарым ардақты
Құтты болсын мерекең, Ұстаздарым ардақты. Тәрбие, білім беретін, Ұстаздарым жан-жақты.
©  Ұстаздар күні
Білім берер ұстазым
Құтты болсын мерекең, Білім берер ұстазым. Өзіңменен өтуде, Балдай тәтті қыс-жазым.
©  Ұстаздар күні
Амандықта болыңдар
Ұстаздарым аяулы, Амандықта болыңдар. Мерекеде гүл жайнап, Толған айдай толыңдар.
©  Ұстаздар күні
Ұстазым менің ұстазым
Ұстазым менің ұстазым, Білім беріп үйреткен. Құтты болсын бүгінгі, Келіп жеткен мерекең.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздардың күнімен
Құттықтаймын ұстаздар, Мерекеңмен кеп жеткен. Қуанышың көп болсын, Шаттығымен тербеткен.
©  Ұстаздар күні
Білім берер ұстазым
Білім берер ұстазым, Құтты болсын мерекең. Бар жақсыны тілеп мен, Өлеңіммен тербетем.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен ұстаздар
Мерекеңмен ұстаздар, Келіп жеткен бүгінгі. Шын жүрекпен құттықтап, Ұсынамын гүлімді.
©  Ұстаздар күні
Ұстазым менің жүрегім
Құтты болсын мерекең, Ұстазым менің жүрегім. Ұстаздардың күнінде, Бар жақсыны тіледім.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен ұстазым
Меркеңмен ұстазым, Құттықтаймын мен сізді. Бар жақсыны тілеймін, Шын жүрекпен мен ізгі.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын ұстазым
Құтты болсын ұстазым, Келіп жеткен мерекең. Ұстаздардың күнінде, Ән-жырыммен тербетем.
©  Ұстаздар күні