Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
1 мамырға тақпақ
Мамырдың бірі, достық күніӘн салып, билеген халықтың үні.Тұтасып, тойлаған ұлттар,Керемет мереке, мамырдың бірі.
Ғалып
Күндердің күні болғандаЖайылып бүтін жаһанғаҒалып* болса керек-ті.
*Ғалып – жеңіп шығу, үстемдік алу.
© Ғұмар Қараш
*Ғалып – жеңіп шығу, үстемдік алу.
Тіл
Тіл – көңілдің ашқышы,Көңіл – жарық, жан – қия.Білім – бақыттың басқышы,Қараңғыда жол қия.
© Ғұмар Қараш
Отан
Отансыз жер барма, Отансыз сән бармаОтан болса қуаныш қуанышпен-бақытОтан зор бақыт, Отан зор байлықОтансыз жер барма.
© КУДАЙБЕРГЕНОВА ЖАСМИНА
Адамзат
Әлемді түгел көрсе де,Алтын үйге кірсе де,Аспанда жұлдыз аралап,Ай нұрын ұстап мінсе де,— Қызыққа тоймас адамзат!
© Бұқар жырау
Ер жігіт
Ер жігітке жарасар,Қолына алған найзасы.Би жігітке жарасар,Халқына тиген пайдасы.
© Бұқар жырау
Төбешік
Үй артында төбешікЕрттеулі тұрған ат болар.Қариясы кімнің бар болсаЖазулы тұрған xат болар.
© Бұқар жырау
Жетпіс бес жас
Жетпіс бес жасқа келгенде,Жылуы болмас қойныңның,Қаруы болмас сойылдың –Өлмесең де жойылдың.
© Бұқар жырау
Заман
Мына заман қай заман,Қаскүнемге жай заман.Араздық пен өсекке,Өлшеуі жоқ бай заман.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сабыр
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,Қатты керек адамға бұл бір қылық.Қолы жетпей талмай талап ізденеді,Осыдан кеп шығады адамшылық.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бейнет
Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,Бәрін құдай қылады дегенге..
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Егін сал...
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,Білім білген әр істе шебер болмақ.Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бүгін шын
Бұрын шын бар бүгін шын,Ертең шын бар үш бөлек.Керегі жоқ бұлардың,Бұзылмайтын шын керек.
© Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жамбылға
...Жан аға! Шықтым өлімнен,Халімді менің көрсейші.Жаның нұрға көмілген,Нұрыңнан ұшқын берсейші!..
© Мағжан Жұмабаев
Жүректе қайрат болмаса
Жүректе қайрат болмаса,Ұйықтаған ойды кім түртпек?Ақылға сәуле қонбаса,Хайуанша жүріп күнелтпек.
© Абай Құнанбаев
Түбінде баянды еңбек егін салған
Түбінде баянды еңбек егін салған,Жасынан оқу оқып, білім алған.Би болған, болыс болған өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
© Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев
Абай деген аты барАрыстандай жүрегі барӨз еліне мұрасынҚалдырып кетті біз үшін
Қарындаш
Қарындашымды алайын,Қатырып үй салайын.Қарағай мен қайыңғаТолтырайын маңайын.
Қарындашым ақылды-ақ,Зымырайды мақұлдап,Қалды, міне, үйімізБітуге де..
© Сәкен Иманасов
Қарындашым ақылды-ақ,Зымырайды мақұлдап,Қалды, міне, үйімізБітуге де..
Жеті мүшел
Он үште отау иесі,Бірінші мүшел – балалық,Екінші мүшел – жиырма бес,Майданға кірер қол алып.Отыз жеті – үшінші,Енетін кезі сана..
© Өтепберген Ақыпбекұлы
Жеті ата мен жеті ұрпақ
Жеті ұрпақты білмеймізӘлі күнге көбіміз.Және бізге беймәлімБіздің ата-тегіміз.Ең алдымен сөз етем,Бірінші ата – өз әкем.Екіншісі –..
© Өтепберген Ақыпбекұлы
Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңаҚызыл-жасыл гүл алып,Жақын тарттың жаныңа,"Шәкіртім" деп қуанып.
Сипадың да басымнан,Әліппені ұсындың.Бақытымның осыданБасталғанын..
© Шона Смаханұлы
Сипадың да басымнан,Әліппені ұсындың.Бақытымның осыданБасталғанын..
Ақша қар
Айналамда ұшып жүр,Ақ мамық қар себелеп.Қалт-құлт еткен бейне бір,Ақ қанатты көбелек.
Үстіме жалп-жалп жауады,Ақ тауықтың жүніндей.Жайнатады..
© Зейнолла Шүкіров
Үстіме жалп-жалп жауады,Ақ тауықтың жүніндей.Жайнатады..