Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Балдай болар жүзіміз
Бүгінгі күн ғажайып, Балдай болар жүзіміз. Қуанышта, шаттықта, Қызықты өтер күніміз.
© Халықаралық балалар күні
Тыныш біздің жанымыз
Бірінші маусым мереке, Қуанамыз бәріміз. Балалардың күні бұл, Шаттанатын тағы біз.
© Халықаралық балалар күні
Балалармыз бақытты
Балалармыз бақытты, Мерекені тойлайтын. Балалардың күнінде, Асыр салып ойнайтын.
© Халықаралық балалар күні
Әніміз бар жырымыз
Балалардың күнінде, Жұлдыздайын жанамыз. Әніміз бар, жырымыз, Тағы жасап қаламыз.
© Халықаралық балалар күні
Жайнап біздің жүзіміз
Балалардың күнінде, Шаттанамыз, күлеміз. Жайнап біздің жүзіміз, Бақытты боп жүреміз.
© Халықаралық балалар күні
Ғажайыптар әлемі
Бірінші маусым, мереке, Ғажайыптар әлемі. Қуантатын біздерді, Бар айнала әдемі.
© Халықаралық балалар күні
Ерекше күн ғажайып
Ерекше күн, ғажайып, Балалардың күні бұл. Бізбен бірге бар әлем, Әні менен жыры бұл.
© Халықаралық балалар күні
Барлық әлем біздермен
Бүгін бізде мереке, Барлық әлем біздермен. Балалардың күнін бұл, Тойлар бәрі бізбенен.
© Халықаралық балалар күні
Аналардың жүрегі
Бар жақсыны тілейді, Аналардың жүрегі. Еркелетіп біздерді, Қуандырып жүреді.
© Халықаралық балалар күні
Бақытты біз жандармыз
Қамқор болар үлкендер, Бақытты біз жандармыз. Ата-ананы қуантар, Шуақты атар таңдармыз.
© Халықаралық балалар күні
Балалардың күнінде
Балалардың күнінде, Шаттанамыз күлеміз. Ойын ойнап, қыдырып, Қуанып біз жүреміз.
© Халықаралық балалар күні
Балалармыз қылықты
Балалармыз қылықты, Ә дегеннен баурайтын. Балалардың күнінде, Жарқырайтын, жайнайтын.
© Халықаралық балалар күні
Еркелейтін Әкеге
Еркелейміз Әкеге, Еркелейміз Анаға. Атам, әжем тағы бар, Серуендетер қалаға. Біз бақытты баламыз, Жүрер шулап арада.
© Халықаралық балалар күні
Көңіліміз тоқ біздің
Қамқор бізге әкеміз, Қамқор бізге анамыз. Көңіліміз тоқ біздің, Біз бақытты баламыз.
© Халықаралық балалар күні
Жұлдыздайын жанамыз
Бүгін шаттық, мереке, Әсем әнге саламыз. Бірінші маусым күнінде, Жұлдыздайын жанамыз.
© Халықаралық балалар күні
Баламыз біз бақытты
Мерекені тойлайтын, Баламыз біз бақытты. Қызықты етіп қашанда, Өткізетін уақытты.
© Халықаралық балалар күні
Біз бақытты баламыз
Мерекені тойлайтын, Біз бақытты баламыз. Үлкендерді құрметтеп, Айтқан тілді аламыз.
© Халықаралық балалар күні
Көкжиектен күлімдеп
Көкжиектен күлімдеп, Атты жаздың ақ таңы. Бүгін билеп, шырқалар, Балалардың тәтті әні.
© Халықаралық балалар күні
Алақай да алақай
Бүгін бірі маусымның, Алақай да алақай. Қуанайық достарым, Қуанайық балақай...
© Халықаралық балалар күні
Қандай ғажап мектебім
Берер бізге білімін, Қандай ғажап мектебім. Білімнің сен ордасы, Саған тағзым етемін.
© Соңғы қоңырау күні
Алғысымыз көп біздің
Білім берер біздерге, Бар білімін үйретіп. Бүгін соңғы қоңырау, Келді мұңды күйде етіп.
© Соңғы қоңырау күні
Рахмет жаным мектебім
Рахмет жаным мектебім, Демалысқа шығамыз. Бүгін соңғы қоңырау, Екендігін ұғамыз.
© Соңғы қоңырау күні
Сенсің біздің бағымыз
Білім берер мектебім, Сенсің біздің бағымыз. Бар жақсыны үйретер, Сенсің біздің жанымыз.
© Соңғы қоңырау күні
Жарқыраймын, жанамын
Өзің барда мектебім, Жарқыраймын, жанамын. Біліміңмен сен берген, Бәйгені де аламын.
© Соңғы қоңырау күні
Мектебімсің ғажабым
Мектебімсің, ғажабым, Білім берер біздерге. Жаны жайсаң Ұстаздар, Көп рахмет сіздерге.
© Соңғы қоңырау күні