meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жаз
Жаз келді алақай,Ойнаймыз далаға-ай.Қамалып отырмайЖүріңдер, балақай.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Наурыз көже
Наурызда бәрімізӘткеншек тебеміз.Жасымыз, кәріміз,Көп көже ішеміз.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Ту
Көгілдір туым желбіре,Биіктерде қалықтап.Туым үшін мақтанам,Әнұраным шарықтап.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Ана
Ана деп күнде ән салам,Ауылға бүкіл жар салам.Қуанту үшін анамдыКүнде-күнде «бес» алам.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Кітап
Кітап деген басыңдағы білімің,Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Көктем
Көктем болды алақай,Қуанар барлық балақай.Көктемде жаңбыр болады,Бақшаға гүлдер толады.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Туған жер
Кең далада жүремін,Бауырында ойнап күлемін.Мен жерімді сүйемін,Ол үшін отқа түсемін.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Лагерь
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.Жүгіреміз, секіреміз жарысып,Ән саламыз, би билейміз майысып.Сонда ылғи біз жеңеміз..
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Құстар
Құс ұясын бұзбаңдар,Балапанын алмаңдар.Құстар біздің досымыз,Обалына қалмаңдар.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Мен жерімді сүйемін
Мен жерімді сүйемін,Жеріме дән себемін.Ауа таза болсын деп,Жылда ағаш егемін.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Табиғат
Табиғат біздің анамыз,Жер–Ана біздің панамыз.Таза болса табиғатБіз де аман боламыз.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Ағаш егу
Жақсылықты қолдаймыз,Табиғатты қорғаймыз.Гүл егеміз бақтарға,Айналасын қоршаймыз.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Сиыр
Көк сиыр бұзау туғанда,Қамап қойдық қораға.Көк сиыр тұрды мөңіреп,«Қайда менің балам», — деп.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Ақша қар
Ақша қар, ақша қар,Аппақ болып қонасың.Тоса қалсам қолымдыАлақаныма толасың.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Машина
Үлкен болып өскендеМашина алам мен де.Бірақ ол үшін әринеОқу керек күнде де.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Аяз Ата
Жаңа жыл келгендеҚуанып қарсы аламыз.Аяз Ата келгендеБилейміз, ән саламыз.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Туған күн
Туған күнім бола берсе,Қуанамын күнде мен.Үйге қонақ тола берсе.Шай жасауға үлгерем.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Балықтар
Су астында балықтарСазан, шортан, бекіре,Неше түрлі балық барШошытасың секірме.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Көктемде
Бүршік жарып ағаштарҚұстар ұя салады.Сылдыраған бұлақтарАғып бара жатады.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Құлыншақ 
Құлыншақ, құлыншақ,Шапқылайсың даламен.Дос болсайшы құлыншақ,Мен сияқты баламен.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Ойын
Ойын маған ұнайды,Көп ойнауға болмайды.Күні бойы доп қусаң,Ақыл-білім қонбайды.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Ойыншықтар
Ойыншықтар көп екен,Бірге ойнайық, балақай.Көгорай шалғын көк екен,Жарысайық, алақай!
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Ер жетсек
Нан жесеңдер балалар,Үлкен болып өсесің.Сүт ішсеңдер, балалар,Тезірек ер жетесің.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Гүлдер
Гүлім, гүлім, өсе бер,Әдемі боп, асыл боп.Күндей жайнап кете бер,Қызыл, сары, жасыл боп.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Мысығым
Мысығым, кел, кел маған,Сүт берейін мен саған.Ит кеп қалса, қорғаймын,Көтерейін, сен маған.
©  Сейтмағанбетова Жұпар