Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Қараторғай
Қараторғай көктемнің –Хабар берер жаршысы.Күн шуағын төккен күн,Құбылады бар түсі.
Анамның әні
Анамыздан тыңдадықӘсем әнді әуелі.Әлди, әлди, әлди-айӘсем әні анамның.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Анама
Анамызды сыйлайық,Жақсы оқушы болайық.Үздік оқып сабақты,Кілең бестік алайық«Күншуақ» газетінеКүн нұрындай жарқырапШуақ шаштың, «Күншуақ».Білімнің..
© Сейтмағанбетова Жұпар
Кітап
Кітап оқу бұлағым,Оқытатын ұстазым.Кітапта бар даналық,Оқып біліп алайық.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Анама
Мәпелеп мені өсіргенРизамын мен өзіңе.Ана деген керемет,Сыйлап өтем өмірде.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Біздің сынып
Біздің сынып әдепті,Бәріне көмек береді.Біздің сынып әрқашанЖетістікке жетеді.Біздің сынып қашандаАлғашқы боп жүреді.Мұғалімдер барлығыБізді мақтан..
© Сейтмағанбетова Жұпар
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,Барлық әлем жаңарып.Осы тұрған халқымаБейбітшілік орнады.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,Тазалықты сақтайық.Гүл өсіріп, су құйып,Табиғатты қорғайық.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Күшік
Күшігім менің, күшігім,Үй күзетер пысығым.Үргені де шамалы,Тамақ берсең болғаны.
© Сейтмағанбетова Жұпар