Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Ойыншықтар
Ойыншықтарды шашпаймын,Түймемді өзім қадаймын.Жуып жеймін үнемі,Алма, алмұрт, шиені.Суды жақсы көремін,Қашанда таза жүремін.
Ойыншығым робот
Ойыншығым роботтың,Тілін өзім білемін.Жасанды темір адамның,Басқарамын жүрегін.
Ойыншығым торғай
Ойыншығым торғайды,Тракторға мінгіздім.Жер жыртуды үйретіп,Жолсыз айдап жүргіздім.
Ойыншықтар
Ойыншықтарым көп менің,Бәрін жақсы көремін.Кешке дейін жалықпай,Бірге ойнап жүремін.
Құрастырғыш
Ойыншығым құрастырғыш,Көрсетеді көмегін.Кімге көлік, кімге үй,Құрастырам керегін.
Аққала – ақ бала.
Аққала мен ақ бала,Сырғанайды сырғанақта.Жаздым тақпақ бәріне,Ақ қыс сұлу ақ өлең.Ақ бала жасады аққала.Ақ қар жатыр далада.