meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Тәуелсіздік күні 30 жылдығы құтты болсын
Қазақ елім, Отаным! Өзіңсің менің мақтаным. Отыз жылдығың құтты боп, Ата берсін ақ таңың.
©  Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жылына тақпақ
Ғажайып Қазақстаным, Отыз жыл азат ел болған. Жалғаса берсін азат күн, Қонақжайлығы кең болған.
©  Жібек Ысқақова
Тәуелсіздік күні 30 жылдығына тақпақ
Бибітшілік күн жаса, Мерейімді асырып. Тәуелсіз күнім жүз жаса, Келеңсіз күнді жасырып.
©  Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жыл
Қуан қазақ, жайнашы, Тәуелсіз күнге отыз жыл. Бұлбұл құсым сайрашы, Әуелетіп ән мен жыр
©  Жібек Ысқақова
Отаным, Қазақстан, тәуелсіз ел 30 жыл
Отаным, Қазақстан, Құтты болсын мерекең. Тәуелсіз елміз отыз жыл, Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жыл
Тәуелсіздігім жасасын, Отыз жылдығын тойлайтын. Азаттығым жасасын, Тамыры терең бойлайтын.
©  Жібек Ысқақова
Тәуелсіздікке 30 жыл
Қаны таза қазақпыз, Тәуелсіздігіне отыз жыл. Құтты болсын мерейтой, Елімді шаттық, қылған нұр.
©  Жібек Ысқақова
Тәуелсізбіз 30 жыл
Тәуелбіз отыз жыл, Құтты болсын, қазағым! Бейбітшілікті жөн еткен, Елім өзің, ғажабым!
©  Жібек Ысқақова
Еңбек
Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес,Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.Түбінде баянды..
©  Абай Құнанбаев
Өз халқыңа қызмет етпей...
Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,Жарамайды қатты болу тікенектей.Білімің болсадағы ұшан-теңіз,Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
©  Шал Құлекеұлы
Қазаққа пайда....
Қазаққа пайда мынау: малын бақсын,Отқа жайып, суарып, бағып-қақсын.Алдынан - мал, үстінен - үйі кетсе,Кеуек қардың үстінде қалай жатсын.
©  Шал Құлекеұлы
Мамам
Мамам,мамам, ақ мамамМен өзіңдей ақ балаңАйтқан тіліңді аламынЖұмсағанда барамын
Анашым
Анашым, анамРизамын сағанТіліңді аламынАқылды боламын
Қар
Аппақ аппақ жапалақтап,Қар жауады тынбастан.Қалың орман, қар жамылған,Маужырайды түнгі аспан.Кең пейілді, мол мейірлі,Сағынышпен табысқан.
Жаңа жыл Шыршалары
Қалып едік сағынып,Kүтіп алдық жабылып.Жолын қойдық жарық қып,Шыршаларға шам іліп
Аяз ата
Аппақ тонға оранып,Базарлықты мол алып.Келді алыс сапардан,Аяз ата оралып.
Қар
Жылдың әнін бастайын,Аяз- Ата кеп қалды.Майысады жас қайың,Көтере алмай көп қарды.
Жаңа жыл шыршасы
Тамаша.тамаша!Шыршамыз тұр жараса.Басында әсем жұлдызыКөз тоймайды қараса.
Жаңа жыл шыршасы
Безендіріп шыршаныЖыл қуантты баршаны.Той-маскарад басталды,Аяз оны басқарды.
Аяз ата
Аяз ата келіп тұр,Бізге сәлем беріп тұр.Сақалының ұзыны-айКесіп алсам шіркін-ай!!!
Саусақ санау ойыны
Қуыр- қуыр қуырмаш,Балаларға бидай шаш!Тауықтарға тары шаш!Бас бармақ,Балалы үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.Сен тұр – қойына бар!Сен..
Жаңа жыл
Жаңа жыл – жаңа нұр, Жаңа шаттық, жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Ойнап барлық бала жүр. 
Жаңа жыл шыршасы
Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағынғын. Неткен сұлу шыршамыз, ән салайық баршамыз! Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! 
Сағындым Аяз атаны! 
Сақалы аппақ күмістей, Тістері аппақ күріштей. Қызыл ала шапаны, Сағындым Аяз атаны! 
Оқушы 
Еркесімін атамның, Еркесімін апамның, Жасым толып алтыға, Мен оқушы атандым. Сабағымды жақсы оқып, Бүгін тағы бес алдым. Жарайсың деп..