Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
БАС БАРМАҚТЫ КӨТЕРУ
Өнерпазға ардақтыКөтерсең бас бармақты,«Бұл-тамаша!»деген сөз,Берген бағаң салмақты.
МҰРЫН ШҮЙІРУ
Алға тастап бұрымды,Шүйірмеші мұрынды.Менсінбеген түрің бе?Қалған әдет бұрынғы.
ТІС ҚАЙРАУ
Таусылса да күш мүлде,Ешқашан да тістенбе.Сабыр қыл да, айла тап,Бір жақсылық істеуге.
БІЛМЕЙ ТҰРСАҢ, НЕ ШАРА?!
Әдет, дағды, ишара,Білмей тұрсаң, не шара?!Түсінгендер-бағытты,Түсінбегендер-бейшара.
ҰЛЫМ ЖАТЫР ҰЙЫҚТАП
Батырындай баяғы ертегінің,Жатуынды-ай ұйықтап,тентек ұлым.Сарбаздарай сақтықты серік еткен,Қысып ұстап сабынан семсерінің.Сынып мылтық,Майысып..
© Оразақын Асқар
ТҮСПЕЙ ҚОЙДЫ ЕСІМЕ
Бір ініміз үйленіп,Келініміз үйге еніп,Тойда тұтас болуға,Ләйлаға да тиді ерік.Шаттығының шегі жоқ,Дамыл тапқан кезі жоқ.Ән салып, би биледі,Сұрағы..
ӘЛЕМДЕ ЖОҚ БАЛА
Ажар келіп ауладан,Мәз боп бізге қарады.-Тура Арайдан аумаған,Көрдім,-деп,-бір баланы,«Мұның қалай?» дегендей,Арай кенет бұртиды.Қалды да ана..