Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Ешкі сүті
Ешкі сауғанҚұрт-май алған,Нәрлі сүті бұлақтай.Пісіріп іш,Береді күш,Құйғытасың құр аттай.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі еті
Түбіті – кен,Терісі – тон,Басқа киім іздеме.Бүрген мененЖеміс жегенЕшкі етін күзде же.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі тоңғақ
Жауса жауын,Іздеп таудыңПана, үңгір ықтасын.Күн ашылаТасқа шығаҚыздырады арқасын.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Серке
Серкеш біздіңБәріміздің,Аялайтын еркеміз.Сергек сері,Күн ілгеріҚой бастайтын серкеміз.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі тастан шығыпты
Топ-тобымен,ЕнтелегенЛақ бұл қызық қылықты.Тастан таймай,Жүр құламайЕшкі тастан шығыпты.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Көп лақ
Тастан-тасқаҚарғымаса,Шыдамайды көк лақ.Таймай тастан,Нық-нық басқанШұбырады көп лақ.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Бөрте лақ
Бөрте лақ,Құлдыр шұнақЛағы еді шыбыштың.Ойнақтайды,ҰстатпайдыБәрін естіп дыбыстың.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Шырша
ШыршағаТоп-топ балаЖеттік түгел асығып.Әуен ойнап,Әнші сайрап,Күміс шашу шашылып.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Жаңа жыл
Жасыл шыршаЖайнап мұншаҚызықтырды біздерді.Аяз атаБірде батаКүткен жаңа жыл келді.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Сыйлық
Іздеді атаҚайта-қайтаБеске оқыған баланы.Беске оқығанАқыт оданЖылда сыйлық алады.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ертегілер әлемі
Шырша маңыСынысадыШұбырған аң әдемі.Қызықтырып,Сыр ұқтырыпЕртегілер әлемі.Бейнелеп бұл,Он екі жыл,Оқушылар қолымен.Аңыз – шындық,Айтса жыр ғып,Көрем..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Түйе
Түйе қарап,Секунд санап,Жылды асықты көруге.Тышқан мұныңҰғып сырынӨркешке өрлеп келуде.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Тышқан жылы
Тышқан осы –Жылдың басыЕңбекпенен жол алды.Бәрің ойла,Сеніп бойғаТүйе жылдан құр қалды.* * *Түйе биікӨзін сүйіпМаңғау тұра береді.Өркешке..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Он екі жыл
Тышқан, сиыр,Барыс та үйір,Қоян, ұлу, жыланменЖылқы мен қой,Мешінге той,Тауық, иті, доңыз бен.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Қыс көрікті
Жауған аппақ қарымен,Қыс көрікті –Аяз қысқан кәрімен.Қыс көрікті –Аққала мен сырғанақ,Қыс көрікті –Күміс қылау сәнімен.Жапалақтап,Жауған аппақҚарда..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Гүл көбелек
Жайлау қырда,Бөлеп нұрға,Тербеледі түрлі гүл.Көп көбелек,Көк көбелек,Қызықтырған сырын біл.Үлбіреген,Нәзік гүлмен,Гүл көбелек пәк көңіл.Балалық..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Жер-Анада жеміс көп
Түс мезеттеКөк өзеккеҚұйылады қозы-лақ.Бота боздап,Әуен қоздап,Кісінейді құлыншақ.Төл өседі,Тел өседіКең далада өрістеп.Құнарлы жерҚуатты..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Біз Отанды сүйеміз
Оқып, ойнап,Тойда тойлап,Ән сап, билеп жүреміз.Тәуелсіздік туы биікБіз Отанды сүйеміз.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ата, ортамызда жүрші аман
Туған күнді тойлайық, Жан аташым жыл сайын. Ортамызда жүрші аман, Аташым менің жоқ уайым.
© Жібек Ысқақова
Өзіңізбен аташым, жайнап кетер төріміз!
Немерелер аман боп, Шөберені көріңіз. Өзіңізбен жарқырап, Жайнап кетер төріміз.
© Жібек Ысқақова
Құтты болсын аташым туған күнің!
Құтты болсын аташым, Бүгінгі туған күніңіз. Қуанышта, шаттықта, Шыға берсін үніңіз.
© Жібек Ысқақова
Ақ тілекті арнайық
Ортамызда жүрші аман, Ғасыр тойын тойлайық. Әр жыл сайын аташым, Ақ тілекті арнайық.
© Жібек Ысқақова
Арнайтын бізге батасын
Отбасының тірегі, Бір өзіңсің аташым. Әр күн сайын ақ тілек, Арнайтын бізге батасын.
© Жібек Ысқақова
Аташым жүз жаса!
Аташым туған күніңмен, Құттықтаймын мен сізді. Шаттығыңды тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
© Жібек Ысқақова
Аташым күніңіз нұрыл боп
Жүз жасаңыз аташым, Әр күніңіз нұрлы боп. Ортамызда жүрші ата, Амандықта уайым жоқ.
© Жібек Ысқақова