Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Кім неге барсын?
Тіл алғыш бала нанға барсын,Тілазар бала талға барсын.Тілі тәтті бала шалға барсын.Нан – тамақ болады,Тал – таяқ болады,Шал – қонақ болады.
© Өтебай Тұрманжанов
Түсіндім
– Ауыртады ішіңді,Зырқыратар тісіңді.Алма шикі, көк әлі, –деген ағам Бегәлі.Мән бермеген сөзінеОбал да жоқ өзіме?Түйнегені-ай ішімніңЕнді жемен..
© Қуандық Шолақов
Күшігім
Қорқамысың Жүрсіннен,Әлде ұмыттың сертіңді?Неге әкелмей тұрсың сенЛақтырған бөркімді?Қос құлағың салпаңдап,Емес ең ғой ашқарақ.Әр ауызға бір..
© Қуандық Шолақов
Қызметкерлер күні құтты болсын!
Таусылмасын жырыңыз, Болмасыншы мұңыңыз. Мемлекеттік қызметкер, Сәтті өтсін әрбір күніңіз.
© Жібек Ысқақова
Кәсіби мереке күнімен!
Шаттаныңыз, күліңіз, Амандықта жүріңіз. Мерекені өткеріп, Сәтті өтсін әрбір күніңіз.
© Жібек Ысқақова
Кәсіби мереке күні
Әуенге қосып тербеткен, Әрбір істі теңді еткен. Құтты болсын кәсіби, Мерекең бұл кеп жеткен.
© Жібек Ысқақова
Мемлекет қызметкерлерінің күні
Абыройың асқақтап, Өсе берсін мерейің. Мемлекеттік қызметкер, Соңыңыздан ерейін.
© Жібек Ысқақова
Бүгінгі кәсіби мереке құтты болсын!
Ел тізгінін ұстаған, Қызметкерлер бүгінгі. Құтты болсын мерекең, Сәтті қып әрбір күніңді.
© Жібек Ысқақова
Кәсіби мереке құтты болсын!
Құтты болсын бүгінгі, Мерекеңіз кеп жеткен. Кәсіби бұл мереке, Елімізді тербеткен.
© Жібек Ысқақова
Тілек жаңа жылға, мұғалім
Жаңа жылдың әр күні, Жандана берсін мұғалім. Шаттыққа бөлеп таң нұрын, Ақтара берсін мұғалім.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын, мұғалім!
Жаңа жылдың әр күні, Қуантсын сізді мұғалім. Шаттанып сіз әр жылы, Қуаныңыз мұғалім.
© Жібек Ысқақова
Мұғалім жаңа жылыңызбен!
Жаңа жылың бүгінгі, Құтты болсын мұғалім. Арнаймын өлең, жырымды, Бүгін сізге мұғалім.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылға мұғалімге тілек
Әріптерді үйретер, Мұғалімдер ізгі адам. Бұл жаңа жыл сіздердіҚуантсын деп сұранам.
© Жібек Ысқақова
Мұғалім жаңа жыл құтты болсын!
Білімге бізді бастайтын, Мұғалім ол дара жан. Құтты болсын жаңа жыл, Келіп жеткен жаңадан.
© Жібек Ысқақова
Мұғалімге жаңа жылдық тілек
Білімге бізді баулитын, Жаңа жылыңызбен мұғалім. Жаңа жылда шаттықта, Таусылмасын жыр, әнің.
© Жібек Ысқақова
Жүсіп ата
Ақ сақалыЖайқалады,Жүсіп атаАқ баталы.Шөбересін,КөгеретінАқбақайғаМінгізеді.Күміс жүген,ТізгініменТаспа тіліп,Шылбыр өрген.Бақ – ұшпақ бұл,Шөбере..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Текпішек
Ойыстырған,Көп сырығанҚара, ақ киізШашақтаған.Киіз дорбаАшамайғаҮйлестіргенСәйкес ол да.АтатегіБәрі атбегі,Бұл баланың«тепкішегі».Төрт жастағыЖас..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ашамай
Айқыш-ұйқышСекілді икс.Айқас ашаҰнасқан түс.Тым ыңғайлы,Тайға жайлы,Қиюласқан«Ашамайы».
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ақбақай
Торы төбет тай,Аппақ бақай,Бадана көзСүйкімдісі-ай.Маңдайы да ақ,Танауы да ақ,Бейне тұмарАйдынды нақ.Сырғалығы – ақ,Шашасы да– ақ,Шашақ..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Исламбек
Ақсап көңіл,Қылы өмір,Алла берсе,Бәрі жеңіл.Балалы боп,Көңілі тоқ,ШектемегенТуса да көп.Өмір кешті,Бала өсті,НемерелерБек ілесті.Мәңгі тілекІлгері..
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Тілек
Ата-ана,Бар ой-сана –Ұрпақ өсімТілеп қана.Бала осы –Бақ ырысы,Жан жүрегі,Жан тынысы.Өссін елі,Толсын жері,Қуат ұл-қыз –Күш жігері.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Ешкі өсір
Сүтін ішсең – бал,Өзі өсімтал,Пайдасы мол көл-көсір.Түсініп ал,Сүйкімді мал,Мал өсірсең, ешкі өсір.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Өсімтал
Шыбыш, тушаЕгіз туса,Екі жылда тоғыз бас.Құрақ ұшып,Бағып, күтіп,Оған ауды ықылас.
© Егеухан Мұқамәдиқызы
Көбіршік
Айран қатықҚышқыл татып,Жасымыздан көп іштік.ҚатығынаСұйылтуғаЕшкі саудық көбіршік.
© Егеухан Мұқамәдиқызы