Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Шаттықты атсын таңдарың
Полицей оу ағалар, Шаттықты атсын таңдарың.Жаратқаным жар болып, Аман болсын мал-жаның.
© Полиция күні
Жүздеріңіз күлімдеп
Полицейлер күнінде, Жайнаңыздар сіздер тек. Полицейлер аман жүр, Жүздеріңіз күлімдеп.
© Полиция күні
Полицейлер күнінде
Құтты болсын мереке, Полицейлер, ағалар. Полицейлер күнінде, Өссін лайым бағаң әр.
© Полиция күні
Полицейлер күнімен
Жиырма үшінші маусымда, Есік ашар жыл сайын. Полицейлер күнімен, Құттықтаймыз біз дәйім.
© Полиция күні
Құтты болсын Анашым мерекеңіз
Құтты болсын Анашым мерекеңіз, Аналардың күні бұл келіп жеткен. Бар жақсыны тілейміз өзіңізге, Күндеріңіз көп болсын күлімдеткен.
© Аналар күні
Сіздей анам барында
Бақыттымын Анашым, Сіздей анам барында. Сізбен бірге шаттықты, Ататын әр таңымда.
© Аналар күні
Анашым гүлді бағымсың
Құтты болсын мерекең, Анашым гүлді бағымсың. Қуанышта, шаттықта, Ататын ақ таңымсың.
© Аналар күні
Жүрегі кең Анашым
Аналардың күнімен, Құттықтаймын Анашым. Ортамызда жүрші аман,Жүрегі кең анашым.
© Аналар күні
Асыл анам өзіңсің
Асыл анам өзіңсің, Бақытым да, байлығым. Қуанышта, шаттықта, Өтсін деймін әр күнің.
© Аналар күні
Өзің барда Анашым
Өзің барда Анашым, Қуанамын, күлемін. Жүрсең аман қасымда, Бақыттымын білемін.
© Аналар күні
Аналарым жүрегім
Аналарым жүрегім, Бар жақсыны тіледім. Саулығыңыз мықты боп, Аман жүрші тілерім
© Аналар күні
Аналарсыз күн қараң
Аналарсыз күн қараң, Олар біздің жанымыз. Сіздерменен аналар, Кірер біздің сәніміз.
© Аналар күні
Ана деген асыл жан
Ана деген асыл жан, Мейірімді жүрегі. Ұйықтаса да, тұрса да, Бізді ойлап жүреді.
© Аналар күні
Аналардың барында
Аналардың барында, Жандармыз ең бақытты. Аман жүрші Аналар, Күшті өткізіп уақытты.
© Аналар күні
Анашым сен аман бол
Анашым сен аман бол, Гүлдей жайнап өмірің. Шаттана түс, қуана, Көтеріліп көңілің.
© Аналар күні
Аяулы менің Анашым
Аналардың күнімен, Құттыұтаймын Анашым. Жадырай түс, жайнай түс, Аяулы менің Анашым.
© Аналар күні
Жайнаңыздар Аналар
Жайнаңыздар Аналар, Күлімдей түс, шаршаман. Орындалсын лайым, Арманыңыз аңсаған.
© Аналар күні
Аналарым асылым
Құтты болсын мерекең, Аналарым асылым. Шын жүректен тілейміз, Өмірдің ең асылын.
© Аналар күні
Аналардың күнімен құттықтаймын
Ақ жаулықты Аналар мейірімді, Бар жақсыны тілейміз сіздерге мен. Аналардың күнінен құттықтаймын, Бақытты Ана болыңыздар өмірде ең.
© Аналар күні
Анашымсың асылым
Анашымсың асылым, Құтты болсын мерекең. Аналардың күнінде, Арта берсін берекең.
© Аналар күні
Өзіңіздей Анашым
Өзіңіздей Анашым, Мейрімді жан барма екен? Өзің барда Анашым, Жайнай түсер бар мекен.
© Аналар күні
Аналардың күнімен құттықтаймын
Асыл анам жан анам, асыл анам, Аналардың күнімен құттықтаймын. Күлім қағып жүзіңіз, гүлдей жайнап, Ортамызда аман боп жүрші әрдайым.
© Аналар күні
Анашым менің Анашым
Анашым менің Анашым, Ерекшесің, дарасың. Саулығыңыз мықты боп, Аман жүрші Анашым.
© Аналар күні
Ауырмаңыз Анашым
Ауырмаңыз Анашым, Гүлдей жайнап жүзіңіз. Орнамызда әрдайым, Аман-есен жүріңіз.
© Аналар күні
Анашымсыз мейрімді
Бар жақсыны тілейтін, Анашымсыз мейрімді. Анашым-ау білеміз, Аппақ адал пейліңді.
© Аналар күні