Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жапырақтар
Жапырақтар көктемдеБейне бір шат балақан.Қарап өткен-кеткенге,Шапаттайды алақан.Самал сүйсе маңдайын,Жапырақтар таласа,Тақылдатар таңдайын,Тәтті..
© Абдрахман Асылбек
Күнбағар
Таңертең де, түсте деКүнге бетін бұрады.Тостағанын кішкенеТосады да тұрады.Күн еңкейсе, қайтаданОл да солай аунайды.Күнді зерттеп байқағанҒалымнан..
© Абдрахман Асылбек
Әдептілік әліппесі
1Атам менің әмандаӘдепті жан бол деген.Асыл сөзі санамда –Жасы үлкенге жол берем.Алдын орап кісінің,Кесіп өтпей көлденең,Ізетімен кішініңСәлемдесіп..
© Абдрахман Асылбек
ӨНЕР
Табысың да, жеңісің,Хақтан, хақта Хақты Аллаһ!Себебі өнер мен үшін,Зікір ету Хақты Аллаһ!
© Құл-Керім Елемес
Қатық
Сүзіндісін айранныңАтаймыз біз қатық деп.«Қатық сенің пайдаң мың»,Деп, жалаймыз жатып кеп.
© Құл-Керім Елемес
Күріш
Дақыл өзі суда өсер,Биік емес бойы аса.Піскенде де буда өсер,Май палауға ал, той, аса.
© Құл-Керім Елемес
Жүгері
Өсер дақыл биіктеп,Құрақпенен жарысып.Көкбасын да сүйіп бек,Жейді адамдар таласып.
© Құл-Керім Елемес
Бидай
Үш-ақ айда піседі,Қамбаларға толады.Тез алмаса түседі,Тартса ұны нан болады.
© Құл-Керім Елемес
Тұз
Мұзға түсі ұқсайды,Удай ащы дәмі бар.Тұзсыз тамақ піспейді,Астың тұзбен жаны бар.
© Құл-Керім Елемес
Су
Өзіне тән түсі жоқ,Қолға ұстауға келмейді.Онсыз өмір күші жоқ,Еш зат онсыз өнбейді.
© Құл-Керім Елемес
Ет
Алған тұздап, кептіріп,Ет «сүрі» деп аталар.Етті сүрі жеп тұрып,Бала үлкеннен бата алар.
© Құл-Керім Елемес
ТОН
«Т»-дан бастап оқысаң,Киетұғын тон болам.«О»-дан бастап оқысаң,Сан түріндегі он болам.Кисең-дағы тон жаман,Алдан көрін он қадам.
© Құл-Керім Елемес
ШАҚ
«Ш»-дан бастап оқысаң,Дәп-дәлдегі шақ болам.«А»-дан бастап оқысаң,Түстің түрі ақ болам.Дәл шақтап ки киімді,Ақтап ұста үйіңді.
© Құл-Керім Елемес
БІЛІМ
«Б»-дан бастап оқысаң,Білім болам алатын.«І»-ден бастап оқысаң,Артқа іліммін қалатын.Жақсы білім алғаның,Артқа ілім боп қалғаның.
© Құл-Керім Елемес
ТЕҢ
«Т»-дан бастап оқысаң,Атқа теңдер тең болам.«Е»-ден бастап оқысаң,Кереметтегі ең болам.Ел теңдігі һәм тағы,Теңдік белгі мен болам.Келсе мықты ең..
© Құл-Керім Елемес
АБАЙ
«А»-дан бастап оқысаң,Абай атаң атымын.«Б»-дан бастап оқысаң,Бай болам, бар асылым.Абайлатам тағы даТалай істі жасырын.Ұқсау үшін Абайға,Алды-артыңды..
© Құл-Керім Елемес
БАҚША
«Б»-дан бастап оқысаң,Жұрт серуендер бақшамын.«А»-дан бастап оқысаң,Ел ырысы – ақшамын.Алып билет ақшаға,Кірген жақсы бақшаға.
© Құл-Керім Елемес
САБАҚ
«С»-дан бастап оқысаң,Оқитұғын сабақпын.«Б»-дан бастап оқысаң,Ру аты Абақпын.Қасқыр аулар үй, білгінЕскі мәні Абақтың.Білдің мәнін Абақтың,Жақсы оқы..
© Құл-Керім Елемес
СҰЛТАН
«С»-дан бастап оқысаң,Ел ағасы сұлтанмын.«Ұ»-дан бастап оқысаң,Табандағы ұлтанмын.Болғанша өзге ел сұлтаны,Бол еліңнің ұлтаны.
© Құл-Керім Елемес
Наурыз көже
Наурыз айы – жыл басы,Тұнып тұрған береке,Ай туғанда жылда осы,Біздің елде мереке.Жұрттың тасып жігері,Бір-бірімен жүздесіп,Ет, су, қатық..
© Құл-Керім Елемес
АНА ТІЛІ
Дүниенің кілтін ашар ана тіліңТіліңмен бойға сіңер барлық білім.Мән берген өз тіліне әрбір кісі,Жоймай ма бойындағы ол қылығын.
© Абдулмахмуд Пошатаев
Түнгі аспан
Терең ойға шомып ай,Отырғандай асқарда.Жұлдыздардың көбін-ай,Жымыңдайды аспанда.
© Асқаржан Сәрсеков
Күзгі көрініс
Күздің салқын самалыАймалайды маңдайдан.Алып қашып барадыЖапырақты сарғайған.Тыныстаған ырғалыпБақ-бау қандай, гүл қандай?Сары қыздар..
© Асқаржан Сәрсеков
Кішкентай батыр
Талдан қылыш жонып алды,Ағаш атқа қонып алды.Қалқан қылып дәу қақпақты,Болдың нағыз Қобыланды.
© Асқаржан Сәрсеков
Омонимдер
Қас батыр аттыЖауына шапты.Біреуін атты,Біреуін шапты.Қашқанын түйреп,Сасқанын сүйреп.Жыртқызып жеңді,Ақыры жеңді.
© Асқаржан Сәрсеков