meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Бас иеміз сіздерге Медбикелер
Бас иеміз сіздерге Медбикелер, Игі іс жасар қашанда біздер үшін. Медбикелер тілейміз шын жүректен, Сәтті болсын, оңынан деп әрбір ісің.
©  Медбикелер күні
Мейірбикелер сіз барда
Мейірбикелер сіз барда, Тыныш біздің жанымыз. Екпелерді салдырып, Кірер біздің сәніміз.
©  Медбикелер күні
Мейірбике жан ізгі
Мейірбике жан ізгі, Бізге екпе салатын. Қалсақ біздер ауыра, Емдеп жазып алатын.
©  Медбикелер күні
Медбикелер күн, айсың
Медбикелер күн, айсың, Науқастарға ем берер. Күндей шуақ, нұр төгіп, Сөздерімен дем берер
©  Медбикелер күні
Медбикелер барында
Медбикелер барында, Атар сәтті таңым да. Қалсам егер ауырып, Болар менің жанымда.
©  Медбикелер күні
Мейірбике апайлар
Мейірбике апайлар, Науқастарға қарайтын. Ине салып тамырдан, Жылу беріп тарайтын.
©  Медбикелер күні
Бұл медбике апайлар
Қалсақ егер ауыра, Екпесін тез салады. Бұл медбике апайлар, Ел алғысын алады.
©  Медбикелер күні
Арайлы таң күлімдеп
Уа Полицей ағалар, Табар белгі, іздерді.  Полицейлер күнімен, Құттықтаймын сіздерді. 
©  Полиция күні
Орындалсын арманың
Полицейлер күнінде, Жарқырай түс ағалар. Орындалсын арманың, Еңбегіңді бағалар. 
©  Полиция күні
Ағатайым мен сізді
Құттықтаймын ағатай, Полицейлер  күнімен. Әр ісіңіз оң болсын, Күлкі кетпей жүзіңнен.
©  Полиция күні
Асқар таудай Әкешім
Асқар таудай Әкешім, Полицейлер күнімен. Құттықтаймын мен сізді, Шын жүректен бүгін мен
©  Полиция күні
Полицейлер аман бол
Полицейлер аман бол, Саулықтарың мықты боп. Әр істерің оң болсын, Әр күндерің күшті боп.
©  Полиция күні
Жақсылықты тілеймін
Полицейлер күнімен, Құттықтаймын мен сізді. Жақсылықты тілеймін, Шын жүректен мен ізгі. 
©  Полиция күні
Қуандырсын бұл өмір
Оу полицей ағалар, Қуандырсын бұл өмір. Полицейлер күнінде, Бақыт тапсын бұл көңіл. Бақытты бол, ағалар, Шаттық сыйлап бұл өмір. 
©  Полиция күні
Жаратқаным жар болып
Істеріңіз оң болсын, Жаратқаным жар болып. Оу полицей ағалар, Жүріңіздер бар болып.
©  Полиция күні
Қуандырсын сіздерді өмір деген
Оу Полицей  ағалар жаны жайсаң, Қуандырсын сіздерді өмір деген. Құттықтаймын  ағалар шын жүректен, Полицейлер бүгінгі  күніменен. 
©  Полиция күні
Ашық болып аспаның
Құттықтаймын  ағалар, Полицейлер күнімен. Ашық болып  аспаның, Шаттық шықсын үніңнен.
©  Полиция күні
Қанаттарың талмасын
Қанаттарың талмасын, Атып сәтті  таңдарың.  Өсіп мансап,  абырой, Орындалсын арманың.
©  Полиция күні
Бақытты бол,  Ағалар
Полицейлер  ардақты, Ендің  қамын ойлайтын. Бақытты бол,  ағалар, Ізгілікті жалғайтын
©  Полиция күні
Сіздер барда ел тыныш
Сіздер барда ел тыныш, Оу полицей ағалар. Көптеп болсын мереке, Қызметіңді бағалар.
©  Полиция күні
Шаттықтарың көп болып
Полицейлер күнімен, Құттықтаймыз сіздерді. Шаттықтарың көп болсын, Қуандырар ізгі елді. 
©  Полиция күні
Құтты болсын мерекең
Оу Полицей ағалар, Құтты болсын  мерекең. Абыройың асқақтап, Арта берсін берекең.
©  Полиция күні
Абыройың асқақтап
Полицейлер күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Ел тынышын ойлап тек, Қорғап жүрер біздерді...
©  Полиция күні
Сіздер барда ел тыныш
Сіздер барда ел тыныш, Оу Полицей ағалар. Мықты болып денсаулық, Аман жүрші ағалар. 
©  Полиция күні
Сіздер барда ел тыныш
Сіздер барда ел тыныш, Оу Полицей ағалар. Мықты болып денсаулық, Аман жүрші ағалар. 
©  Полиция күні