Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Құтты болсын мерекең
Астанам, шырайлым, Құтты болсын, мерекең. Бүгін туған күніңде, Арта берсін берекең
©  Астана күні
Бүгін шаттық, мереке
Бүгін шаттық, мереке, Құтты болсын достарым. Астана күнінде, Жайнай түссін жас жаның.
©  Астана күні
Ортаймасын шаттығың
Астанам, киелім, Ортаймасын шаттығың. Астана күнінде, Еселенсін бақытытың
©  Астана күні
Астана күнімен құттықтаймын
Астана күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Астана жасасын, Қуантар біздерді.
©  Астана күні
Астана жүрегім
Елімнің тірегі, Астана жүрегім. Әлемнің жақсысын, Өзіңе тіледім.
©  Астана күні
Бақытым, Астанам!
Жайнай түс күн сайын, Бақытым, Астанам! Өрлей түс, биікте, Елордам, бас қалам!
©  Астана күні
Астанам тек алға
Жарқырап, жайнай түс, Астанам тек алға. Еліміз жанданар, Астанам сен барда.
©  Астана күні
Шаттығың көбейсін
Шаттығың көбейсін, Астанам, жүрегім.Қанатың талмасын,Өзіңе тілерім.
©  Астана күні
Астанам өзіңсің
Көшбасшы, көш бастар, Астанам өзіңсің. Жайнайтын күн сайын, Жарқырар кезің шын.
©  Астана күні
Астана жайнай бер
Бүгінгі туған күн, Құтты болсын Астана! Астана жайнай бер, Нұрлана жас қала!
©  Астана күні
Астанам, жас қалам
Астанам, жас қалам, Құтты болсын мерекең. Өзіңсің бас қалам, Өзіңсің берекем.
©  Астана күні
Құтты болсын Астанам
Құтты болсын Астанам, Туған күнің бүгінгі. Арнаймын өзіңе, Әнімді, жырымды.
©  Астана күні
Астанам бас қалам
Жасай бер, жарқырап, Астанам, бас қалам. Өзің деп айтылар, Шырқалып асқақ ән.
©  Астана күні
Астана күнімен
Астанам бас қалам, Сенімен мақтанам. Жасай бер, жайнай бер, Елордам, жас қалам.
©  Астана күні
Жүріңіздер тек аман!
Құтты болсын айттарың, Апа, жеңге, Анашым! Жүріңіздер тек аман, Тауып бірге жарасым!
©  Құрбан айт
Құттықтаймын айтыңмен!
Ата, көке, әжетай, Құтты болсын айтыңмен! Бақыт, шаттық таралсын, Келер алда ай, күннен!
©  Құрбан айт
Айтыңызбен, Ұстазым!
Есік ашқан мінеки, Айтыңызбен, Ұстазым! Қабыл болсын дұғаңыз, Нұрға бөлеп қыс, жазың!
©  Құрбан айт
Айтыңызбен, Әпкетай!
Құттықтаймын мен сізді, Айтыңызбен, Әпкетай! Бар жақсыны тілейді, Бауырыңыз еркетай!
©  Құрбан айт
Айтыңызбен, жан аға!
Енген бүгін есіктен, Айтыңызбен, жан аға! Айттан айтқа жетіңіз, Сәтті атып таң аға!
©  Құрбан айт
Айтыңменен жан інім!
Мұсылмандар мейрамы, Айтыңменен жан інім! Айттан айтқа жете бер, Қызықты боп әр күнің!
©  Құрбан айт
Айтыңменен, Сіңілім!
Қылығымен баурайтын, Айтыңменен сіңілім! Аман болып өсе бер, Ұзақ болып ғұмырың!
©  Құрбан айт
Айтыңызбен, Аташым!
Айтыңызбен, Аташым, Бүгін міне кеп жеткен. Қабыл болып дұғаңыз, Күн көп болсын нұрлы еткен!
©  Құрбан айт
Айтыңызбен, әжетай!
Есік ашты Құрбан айт, Айтыңызбен, Әжетай! Саулығыңыз мықты боп, Аман жүрші, Әжетай!
©  Құрбан айт
Айтыңызбен, Әкешім!
Келді міне Құрбан айт, Айтыңызбен, Әкешім! Қабыл болсын дұғаңыз, Асқар таудай Әкешім!
©  Құрбан айт
Айтыңызбен, Анашым!
Құттықтаймын бүгінгі, Айтыңызбен, Анашым! Бақ сыйласын Құрбан айт, Күнді беріп ең асыл!
©  Құрбан айт