Үстел туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Жұмбақтар жинағы: 12
Ақын өлеңдері жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 1

Тіктөртбұрыш, ағаштан жасалған, сұр.
 
 
Жауабы: Үстел
Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
Жүк артсаң белі тағы майыспайды,
Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу..
Үстi жазық –
Төрт қазық.

жауабы
Үстел
Үсті жазық —
Төрт қазық.
Төртеу адамы,
Біреу алаңы.
Ағайынды төрт батыр,
Көтергені бір шатыр.
Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Төрт тіреу төрт жағынан тұрады егес.
Үстіне алуан түрлі жеміс шашып,
Бірнеше үйрек келіп қонады еміс.
Бір нәрсе дөңгеленген төрт аяқты,
Көтерген үш уақыт барлық затты.
Жем беріп, сол уақытта келгендерге,
Етеді көңілін шат, әрі ауқатты.

жауабы ..
Арқасында азығы,
Бауырында қазығы,
Күнде шүлен тарқатар,
Оның неден жазығы?
Төрт келінге бір орамал.
Дөңгелек айналасы, үсті тегіс,
Табылар тарапынан түрлі жеміс.
Төртеуі ағайынды тату екен,
Олардан аулақ жүрер ұрыс-керіс.
Басы жоқ, төрт аяқты, жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат.
Жүк артсаң әсте белі майыспайды,
Құйрық-жалсыз бұл өзі не қылған зат.