Оқу туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 36
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 78
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 48
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 24
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 5
Эсселер жинағы: 2

Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.