Мақта туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 3
Жұмбақтар жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 12
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 2
Ертегілер жинағы: 1

Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта.

Жауабы: Мақта
Тау тау ақ қар,
Ерiмейдi ыстықта.
Кең алқап ақ түске,
Бейне бiр малғандай.
Күзде де, тал түсте,
Қар жауып қалғандай.

жауабы
Мақта алқабы
Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әріпім алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.

жауабы
Мақта - Тақта
Күзде ырыс тасыған
Бір керемет бақша бар.
Бұтасының басынан
Жинайды жұрт ақша қар.
Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар?