Аспан туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 20
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 364
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 4
Баталар жинағы: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 14
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Ешбір тіреусіз күмбез,Ешбір сүйеусіз күмбез.Ешкім көтере алмайтын күмбез,Ешкім төңкере алмайтын күмбез.Аспан
©  Мұзафар Әлімбаев
Күндіз беті таза,
Түнде бетін әжім басты.

Жауабы: Аспан
Көк теңіздің бетінде көпіршіген жүгері.

Жауабы: Аспан мен жұлдыздар
Қай кезде аспан жерден төмен бола алады?

Жауабы: Судағы бейнесінде
Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім — тықыр кілем.

жауабы - Жер мен Аспан
Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір.
Төріңде тұр нұр көзі,
Жердің биік күмбезі.
Көкжиегі тұйық дөң,
Шатыр тіккен биік кең.
Қиырсыз бір теңіз бар ол немене,
Құбылып қалқиды алтын бір тегене,
Сансыз құс жүзеді ортасында,
Алты қаз, жеті үйрек, үш бөдене.
Оқшау жүр ақ..
Ай далада ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.

жауабы - Аспан, күн
Көрінді ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан он бірі арық, бірі семіз,
Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.

жауабы..
Екі тері,
Екеуі де кең тері.

жауабы - Аспан, жер
Түбі көк дария,
Іші мұнара,
Отыз шешегі.

жауабы - Аспан, отыз күн
Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек,
Заты бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық-
Төртеуін таңдап алдым ерекше..
Бір түкті кілем,
Бірі түксіз кілем.

жауабы - Аспан, жер
Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған.
Айдалада көк шатыр,
Көк шатырда
Қызыл көздi шал жатыр.
Жайғаным түктi кiлем,
Iлгенiм – тықыр кiлем.
Күмбез сынды кең сарай,
Еш жерде жоқ тен сарай.
Төрiнде тұр нұр көзi,
Жердiң биiк күмбезi.
Көкжиегi тұйық дөң,
Шатыр тiккен биiк кең.
Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
Аты да көк,
Заты да көк.