Өзен туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 16
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 200
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 10
Әңгімелер жинағы: 6
Аңыздар жинағы: 8

Таң қаласың ғажап көп қой әлемде,Білесің бе ең қысқа өзен қай елде?(АҚШ, Ро өзені, ұзындығы 61 метр)
©  Көмек Ыбрайұлы
Күлің, күлің, күлің ат,
Күліп өтті, көрдің бе?
Көлеңкесін көрсетпей
Жүріп өтті, көрдің бе?

Жауабы: Өзен
Дедектейді, зырлайды,
Артқа мойын бұрмайды.

Жауабы: Өзен
Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ.

жауабы
Өзен
Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты.
Көрсең оның ағысын,
Таңғалтар таудың тағысын.
Бұрқап жатқан көк тасқын,
Үстiнен ырғыр жартастың,
Ырық бермес үйiрген
Толқыны асау шүйiлген.
Туған жердiң белбеуi,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуi,
Тасты тесiп, жарыпты.