Велосипед туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Жұмбақтар жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Қанатты сөздер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Екі аяқты арбаШегінбей зулар алға.(Мотоцикл, Велосипед)
©  Серікбай Оспанов
Теуiп-теуiп қалдым,Алысқа ұзап бардым.(Велосипед)
©  Ескен Елубаев
Қызықты логикалық сұрақ ұятсыз деп қалмаңыз
Екі қолымды алып, аяғымның арасына саламын. Мен бес минут терлеп, содан кейін рахаттанамын.Жауабын көру үшін белгілеңіз: Жауабы: Велосипед.
©  18+ жас
Бір хайуан зырлап ұшады екі аяқ,
Көлденең тірегені айқыш таяқ.
Екі қол-аяғында дабыл болмас,
Жүреді тілін білсең шапшаң жай-ақ.

Жауабы:..
Екі аяқты желаяқ,
Артсаң болды сен аяқ,
Жетем деген жеріңе
Жеткізеді оңай-ақ.

Жауабы: Велосипед
Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?

Жауабы: Велосипед
Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам..
Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты.

Жауабы: Велосипед
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,
Сағатта талай жерді қарыштайды.

Жауабы:..
Екі аяқты жануар,
Жаны жоқ, басқан ізі бар.
Үзенгілі, жүгенсіз,
Тартпасы жоқ, ері бар.

Жауабы: Велосипед
Бір зымырақ дүниеде екі аяқ,
Күш берген оған дағы аямай-ақ
Адамды көтеріп ол ұшады екен,
Былқылдап құс төсектей жұмсақ тұяқ.

Жауабы: Велосипед
Кем көрмеймін аттан өзін,
Мініп жүрем баптап өзін.
Бірақ аттай жем жемейді,
Болдырмай, шөлдемейді.

Жауабы: Велосипед, мотоцикл
Темір тайым,
Тамақты еш жоқтамайды.

Жауабы: Велосипед