Түндік туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 1
Жұмбақтар жинағы: 8
Ақын өлеңдері жинағы: 3

Дүниеде дөңгелек дәу, білесің бе?
Өзі аппақ жаулығы бар төбесінде.
Үш белбеу, бес киім, бір жапқышы бар,
Сансыз бау, ою-өрнек..
Үй үстінде төрт шыбық,
Төртеуі де тең шыбық.

Жауабы: Түндіктің төрт бауы
Таңертең тұрдым,
Ернімді бұрдым.

Жауабы: Түндік
Күндіз ашық,
Түнде жабық.

Жауабы: Түндік
Ақ итім арбадан қарғып түсті,
Барлығының басына шыққан кісі.

Жауабы: Түндік
Қара таудың басында
Қабылан деген құс отыр.
Қанатына мұз қатып,
Қайрыла алмай ол отыр.

Жауабы: Түндік
Қара тоқтыны қайырып соқтым.

Жауабы: Түндіктің ашылып, жабылуы
Әлім-шәлім,
Екі байдың қызы, екі ханым,
Төрт жеңгесі бар екен,
Қызмет қылған немересі.
Бууы-бууы, буы ұзын,
Буыннан да қолы ұзын,
Аба киік..