Күркіреу туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 2
Жұмбақтар жинағы: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 5

Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.

Жауабы: Күннің күркіреуі
Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.

Жауабы: Күннің күркіреуі
Тау тарс етсе тағы үркер,
Таудағы елдің малы үркер.
Қырдағы жылқы үркер,
Жортып жүрген түлкі үркер.

жауабы
Күннің күркіреуі
Сарайдағы сары айғыр,
Сарнап-сарнап кісінер.
жауабы
Күннің күркіреуі
Мені ешкім көрмейді,
Дауысымды есітеді.

жауабы
Күннің күркіреуі