Күз туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 14
Жұмбақтар жинағы: 11
Балаларға арналған тақпақтар: 31
Ақын өлеңдері жинағы: 523
Жаңылтпаштар жинағы: 5
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 18
Ертегілер жинағы: 2
Шығармалар жинағы: 3

Ие жеке атқа,Төрт маусым бар бiр жылда,Ретiмен айт, жатқа.(Көктем, жаз, күз, қыс)
©  Ескен Елубаев
Жауып жаңбыр,Жер сабыр,Шөп,жапырақ соладыБұл қай кезде болады?                            (Күз)
Жалаңаштанып білегі,Жадауланып тұр өңі.Қауырсыны бұрқырап,Сары ала қаздай түледі.(Күзгі ағаш)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Кемсең қағып иегі,Көзəйнегін киеді.(Күзгі көл)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Барлығына бақтың,Сары бояу жақтым.(Күз)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Күз
Жиып-теріп болатын
Қанбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгілде болатын?

Жауабы: Күз
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
"Қызыл қырман" ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Күз
Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.

жауабы
Күз - Жүз
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.