Көктем туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 20
Жұмбақтар жинағы: 15
Балаларға арналған тақпақтар: 79
Ақын өлеңдері жинағы: 706
Жаңылтпаштар жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 8
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 9
Әңгімелер жинағы: 17
Ертегілер жинағы: 6
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 8
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 1

Қыз кеп жасыл көйлекті,Сай- саланы сөйлетті.Құс біткенді сайратты,Бар даланы жайнатты.(Көктем)
©  Серікбай Оспанов
Ие жеке атқа,Төрт маусым бар бiр жылда,Ретiмен айт, жатқа.(Көктем, жаз, күз, қыс)
©  Ескен Елубаев
Күн ұзарып қар еріп,Су сайларға толады,Бұл қай кезде болады?
Ақ тоным еріп кетті,Көк тоным келіп жетті.(Қар мен көктем)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ақ тонымды алдырдым,Көк тонымды қалдырдым.(Көктем)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Күн күледі,
Жер түледі.
Бұл қай мезгіл?

Жауабы: Көктем
Қар суы еріп, сай-салаға толады,
Жер көгеріп, бүршік атып,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Көктем
Гүл гүл жайнап жер аспан
Гүрілдейді сайда өзен
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?

Жауабы: Көктем
Руымыз әнжан,
Атқа міндік алты адам,
Алтымыз да балуан,
Тұра қашты бір қоян,
Басып қалдық жалма-жан.
Басып тұрдық бесеуміз,
Бауыздадық..
Жайы-жайы, жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем,
Түр-түр кілем,
Төгіліп жатқан кір кілем.

жауабы
Көктемдегі жер
Шуақты мол төгемін,
Гүлге бөлеп беремін.
Бас әріпті өшірсең,
Көкіректі керемін.

жауабы
Көктем - Өктем
Жыл мезгілі шуақты,
Жердің беті нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өсті ырғалған.
Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған.
Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті.