Кереге туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 2
Жұмбақтар жинағы: 19
Ақын өлеңдері жинағы: 7

Отыз отырма, қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған,
Ауыз омыртқа.

Жауабы: Уық, кереге, шаңырақ
Жайсаң қабырға,
Жисаң қом етесің.
Жиылғанда киер екі кепесін.

Жауабы: Кереге және жиылғанда керегенің басына кигізілетін кере қап
Жетпіс кемпір жер тесіп жатыр.

Жауабы: Жайылған керегенің сағанақтары, яғни кереге аяқтары
Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.

Жауабы: Кереге
Отыз омыртқа,
Қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған-
Ауыз омыртқа.

Жауабы: Уық, кереге, шаңырақ
Әкесі баласын көтеріп тұр,
Баласы бөркін көтеріп тұр.

Жауабы: Кереге, уық, шаңырақ
Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,
Бірін жерге түптедім.

Жауабы: Уық, кереге
Біреуде қырық ұл бар,
Қырқының қырық аяғы бар.

Жауабы: Уық, кереге
Ай құшақ,
Ай құшақ,
Жиылып келсем-бір құшақ.

Жауабы: Кереге
Алпыс атым ала аяқ,
Жетпіс атым жел аяқ.

Жауабы: Кереге
Жүз жігіт жер тіреп жатыр.

Жауабы: Кереге
Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр,
Алпыс кемпір ат байлап жатыр.

Жауабы: Кереге мен уықтар
Былайғы елдің баласы
Ашамайын мініп тұр.

Жауабы: Керегенің басындағы уық
Үйдің іші толған мыс кене.

Жауабы: Керегенің көгі
Артыңда әкең жұдырығын түйіп тұр.

Жауабы: Керегенің көгі
Үйде бір жұдырық,
Сыртта бір жұдырық.

Жауабы: Керегенің көгі
Әлім-шәлім,
Екі байдың қызы, екі ханым,
Төрт жеңгесі бар екен,
Қызмет қылған немересі.
Бууы-бууы, буы ұзын,
Буыннан да қолы ұзын,
Аба киік..
Қабырғасы тор көз,
Төбесiнде зор көз.

жауабы
Кереге, шаңырақ
Керсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.

жауабы
Кереге