Киiз үй туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 1
Жұмбақтар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 1

Төбедегi көзiнен,
Күн сәулесi түседi.
Бұрышы жоқ төрiнен,
Самал еркiн еседi.

жауабы
Киiз үй
Аяғы жер тiреп,
Таяғы көк тiреп тұр.

жауабы
Киiз үй
Көзi көп қабырға,
Бiлiнбес жамауы.
Тұмсығын шатырға
Тығады сабауы,
Байланар ақырға,
Бұйдалы танауы.

жауабы
Киiз үй
Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керiледi.
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесiнен жұлдыздар көрiнедi.

жауабы
Киiз үй