Қоңыз туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 2
Жұмбақтар жинағы: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 7
Әңгімелер жинағы: 3
Ертегілер жинағы: 1

Бiлетiн бар кiм?«Ж» əрпiн,Қайсы жəндiкАйта алар айқын?(Қоңыз, гүжiлдеп)
©  Ескен Елубаев
Қарайып ұшқанымен қарға емес,
Ін қазғанмен түлкі емес.
Арқасында боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.

Жауабы: Қара қоңыз
Бір нәрсе алды биік, арты аласа,
Доп илер кешке дейін бір тамаша.
Мылтығын атайын деп оңтайланар,
Өзіне айтқан сыйы ұнамаса.

жауабы
Сасық қоңыз
Қарайып ұшқанменен қарға емес,
Ін қазғанменен түлкі емес.
Арқасындағы боқшасы,
Жинағанмен мүлкі емес.

жауабы
Қара қоңыз
Әуеде ұшып жүрген аэроплан емес, құс емес,
Арқасына байлағаны ірімшік емес, құрт емес.
Бауырға барып ін қазады,
Қасқыр емес, түлкі..
Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көріңіз,
Шешуін кім табады?

жауабы
Қоңыз
Қарайып ұшты қарғадай,
Бармаған жері қалмады-ай.
Жерге түсті, ін қазды,
Аяғымен тырмалай.

жауабы
Қоңыз