Қарындаш туралы Жұмбақтар жинағы ✍️


Жұмбақтар жинағы: 16
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 4
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 1

Бірінің мұрны қызыл,Бірінің мұрны көк.Мұрынсыз, қысқа, ұзынМенде ұл-қыз көп.(Түрлі-түсті қарындаштар)
©  Серікбай Оспанов
Алты қырлы,Бiр сырлы.(Қарындаш)
©  Ескен Елубаев
Пышақпен ұштала береді,
Бойы қысқара береді.

Жауабы: Қарындаш
Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан еледі.

Жауабы: Қарындаш
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.

Жауабы: Қарындаш,қалам
Денесі жүрген сайын аласарып,
Сызады алуан кесте тамаша ғып.
Болғанмен діңі қатты, тілі тәтті,
Балалар жатады оны таласа алып.

Жауабы: Қарындаш
Қабы сояу,
Дiнi – бояу.

Жауабы: Қарындаш
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.

Жауабы: Қарындаш
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.

Жауабы: Қарындаш
Қысқа таяқ діңі бар,
Шиырлаған ізінде,
Сайрап тұрар тілі бар.
Үш адам мініп алып жалғыз жорға,
Үшеуі тәуекел деп түсті жолға.
Ізінен жорғасының тәлім қалып,
Кетіпті жаппай тарап қолдан-қолға.
Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып кетеді.
Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен
Борайды ат үстінде желдей есіп.
Бір жорға бар шабысты,
Ақ қағазға жабысты.
Жорғаласа тайпалап,
Келтірер көп табысты.
Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.