Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Арнайтын сабаққа əр,Тор көздiсi бар.Ұзын жолдысы бар,Керегiнше жылда ал.(Дəптерлер)
© Ескен Елубаев
Көктемде,Күзде,Қыста да,Күн сайын жүр ұста да.Ал, жазда,Үш ай бойынаАлмайсың оны қолыңа.(Портфель)
© Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Дiни кiтап – жазылған. Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Астық сақтайтын жер – қазылған.(Құран – Ұра)
© Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Қолына ұстар жылқышы.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Ұрлық жасайтын кiсi.(Құрық – Ұры)
© Ескен Елубаев
АНАГРАММАЛАР«Қ»-дан бастасаң –Қорғалар жер.«Б»-дан бастасаң –Сор болар жер.(Қорық – Борық)
© Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Айға қойылған ат.Екiншi түбiр сөз –Желден тасаланар жердi тап.Екеуiн қосып оқысаң –От жағуға керек сұйық зат.(Тамыз + Ық = Тамызық)
© Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Адам – ыммен айтар керегiн:Екiншi түбiр сөз –Бiр мүшесi дененiң,Екеуiн қосып оқысаң –Орманнан оны теремiн.(Саңырау + Құлақ =..
© Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөзАузыңа алмас зат мұны.Екiншi түбiр сөз –Үлкен өзеннiң бiрi.Екеуiн қосып оқысаң –Спорттың түрi.(У + Шу = Ушу)
© Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Бояу түсi.Екiншi түбiр сөз –Үй бұйымы ескi.Екеуiн қосып оқысаң –Уақыт мезгiл кешкi.(Ақ + Шам = Ақшам)
© Ескен Елубаев
Бүйендей жуан тұрқы,Шымқай қоңыр түсi,Қуырмасаң оны.Жей алмайсың шикi,(Баялды – баклажан)
© Ескен Елубаев
Ерте шығар көктемде,Дəмi қышқыл неткен де. Көктей жұлып жемесең,Болмайды ол жаз жеткенде.(Шалғам – редиска)
© Ескен Елубаев
Қарыс-қарыс бопЖазда өсер –Тыста.Бiлек-бiлектей бопЖылыжайда өсерҚыста.(Қияр)
© Ескен Елубаев